"Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
04.12.2015
Өзгерту күні
20.10.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚР Орталықсайлаукомы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12,  27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, сәуір-маусым) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң), «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру, сайлау науқанын бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
      сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету – сайлау алдындағы үгітті қоспағанда, сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу барысы туралы сайлаушыларды жедел және кеңінен хабардар етуге бағытталған шаралар кешені;
      сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімін ұсынған белгілі бір саяси партияны (бұдан әрі – партиялық тізімін ұсынған саяси партияны), белгілі бір мәслихат депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет;
      сөз сөйлеу – саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сенім білдірген адамының, мәслихат депутаттығына кандидаттың, оның сенім білдірген адамының сайлау алдындағы бағдарламасы баяндалған сайлаушыларға жеке үндеуі;
      саяси пікірсайыс - саяси партиялардың партиялық тізімдеріне енгізілген екі және одан көп кандидаттардың не партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың түрлі қоғамдық маңызды мәселелер бойынша, оның ішінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың жария пікірлер алмасу барысында баяндалған сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты, жария пікірлер алмасуы.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сайлау алдындағы үгіт басталған сәттен бастап партиялық тізімін ұсынған саяси партияның, мәслихаттар депутаттығына кандидаттың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат, жаңалық және талдау бағдарламаларын қоспағанда, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан төленуге тиіс.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мемлекет мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға (тікелей эфирде немесе жазба түрінде) өз бағдарламаларымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын (ауданды, қаланы, облысты) өз бағдарламаларымен қамтуды қамтамасыз ететін телевизиядан он бес минут және радиодан он минут көлемінде сөз сөйлеуіне бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді.
      Мемлекет мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға тиісті жергілікті мерзімді баспа басылымдарында 0,1 баспа парақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауына бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Баспа парақ деп форматы 60x90 см, көлемі 5400 см2 қағаз парақты түсіну керек. Көлемі 0,1 баспа парақ 540 см көлемге тең болады, яғни форматы А-2 газет бетінің 1/4 құрайды.»;
      22-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұқаралық ақпарат құралдары барлық партиялық тізімдерді, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну, оларды тиісті сайлау комиссияларының тіркеуі, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды қолдап өткізілетін сайлау алдындағы үгіт іс-шаралары туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақытының бірдей көлемінде таратады.
      Осы жаңалық сюжеттері мен жарияланымдары сайлау алдындағы үгіт белгілерін қамтымауға тиіс және саяси партиялардың немесе кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан төлеуді қажет етпейді.»;
      33-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелері Интернет желісінің қазақстандық сегментінің интернет-ресурсында жарияланған кезде, осы талап интернет-ресурста орналастырылған редакциялық материалдарға, сондай-ақ авторлық жарияланымдарға қолданылады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиохабарларының (бағдарламаларының) бейне- және дыбысжазбалары Заңға сәйкес тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясында сақталады.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                            Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                             Б. Мелдешов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрі                             Ә. Исекешев
      2015 жыл 27 қазан

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.