"Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
25.12.2015
Өзгерту күні
09.11.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 5 қыркүйектегі № 169 (28647) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9-тармақта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 тіркелген) (бұдан әрі - № 318 бұйрық) бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы қолданыстағы ресми сертификатты;»;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақ 2) тармақшасындағы «(ХҚО) арқылы жүзеге асырылады» деген сөздер «(ХҚО);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацымен толықтырылсын:
      «порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      6. Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес стипендиат мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - стипендиаттар үшін);
      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бітіруші мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - бітірушілер үшін);
      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электронды өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау салуы ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті ХҚО қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Құжаттарды ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      ХҚО бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін ХҚО-ның сауалы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
      Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сауал қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру қағаз тасымалдағышында қажет болса, оны алу орнын көрсету керек).»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктерімен толықтырылсын:
      «Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) порталдың www.e.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған»;
      мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
      «15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі             А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 24 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Е. Досаев
      2015 жылғы 14 қараша

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.