Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
31.12.2015
Өзгерту күні
24.12.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (ҚР Президентінің 13.09.2016 ж. N 328 Жарлығымен қайта құрылу жолымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта ұйымдастырылды)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қағидалары.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік қызмет


істері министрі

Т. Донақов

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов


      Қазақстан Республикасы

      Бас Прокурорының

      2015 жылғы 24 желтоқсандағы

      № 152

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      2015 жылғы 25 желтоқсандағы

      № 684

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      министрінің

      2015 жылғы 28 желтоқсандағы

      № 3

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрінің

      2015 жылғы 25 желтоқсандағы

      № 1062 бірлескен бұйрығына

  1-қосымша

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны

      1. Кәсіби даярлау – қызметтік міндеттерді орындауға қажетті білім, дағдылар мен шеберліктер алу, мінез-құлық нормаларын меңгеру үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіби оқыту нысаны.

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту нысанында және заңнамада көзделген өзге нысандарда жүзеге асырылады.

      2. Кәсіби қайта даярлау – қызметкерлердің жаңа қызметтік міндеттерді орындауға қажетті қосымша білім, дағдылар мен шеберліктер алуы.

      3. Біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіби білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны.

      4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін, қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді, дағдылар мен шеберліктерді меңгеруге, тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған ұйымдастыру, оқу іс-шараларын көздейді.

      5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқу процесінің мазмұны тиісті оқу жоспарларымен (құқық қорға органдарымен келісіледі) және оқу бағдарламаларымен анықталады.

      Қазақстан Республикасы

      Бас Прокурорының

      2015 жылғы 24 желтоқсандағы

      № 152

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      2015 жылғы 25 желтоқсандағы

      № 684

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      министрінің

      2015 жылғы 28 желтоқсандағы

      № 3

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрінің

      2015 жылғы 25 желтоқсандағы

      № 1062 бірлескен бұйрығына

  2-қосымша

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттырудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қағидалары (әрі қарай – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 36-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624, "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясын құру туралы" 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 жарлықтарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (әрі қарай - Академия) құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды.

      Қағидалар ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау тәртібіне қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер және анықтамалар:

      1) кіріс бақылауы – Академияға түсу кезінде балдық рейтингтік әріптік жүйе бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тестілеу;

      2) кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бірыңғай бірлігі;

      3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған құқық қорғау органдарының қызметкерлері (әрі қарай – Президенттік резервте тұрған қызметкерлер) - құқық қорғау органдарының жоғары тұрған босбасшылық лауазымдарына ұсыну үшiн, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру Қағидаларында көзделген ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер;

      4) Оқу-әдістемелік кеңес – Академияның білім сапасын көтеруге, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін алқалы органы;

      5) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

      6) оқу жоспары – тиісті білім деңгейіндегі оқу пәндерінің (сабақтардың) тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;

      7) оқу бағдарламасы – әр оқу пәні бойынша игерілуі тиіс білім, дағдылар мен іскерліктер мазмұнын және көлемін айқындайтын бағдарлама;

      8) сертификат - оқудан өткенін растайтын Академиямен берілетін құжат;

      9) тыңдаушы – Академиядағы арнайы бастапқы оқыту, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына қабылданған адам;

      10) шығыс бақылауы – Академиядағы оқу процесі кезінде алынған білім деңгейін балдық рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықтауға арналған тестілеу.

      4. Оқытудың негізгі критерийлері – практикалық бағыттылық, оқу іс-шараларының әр түрлі нысандарын қолдану арқылы білім беру процесіне кешенді қарау, озық отандық және халықаралық тәжірибені және ғылым мен практиканың ең жаңа жетістіктерін пайдалану.

      5. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұнындағы 5 тармақта көрсетілген оқу жоспарлары, және оларға енгізілетін өргерістер мен толықтырулар, жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірілмей Академияның Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында талқыланып, Академия ректорымен бекітіледі.

      6. Оқу барысында тыңдаушы нысанды киім кию ережесін немесе іскерлік киім үлгісін қатаң сақтау керек.

2. Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары
басшылығының президенттік резервінде тұрған құқық қорғау
органдары қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру тәртібі

      7. Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді кәсіби қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың негізгі мақсаты - болжанып отырған басшы лауазымға тағайындау үшін олардың кәсіби дағдыларын, басқару құзыретін жетілдіру.

      8. Білім алу курсының ұзақтығы 8 кредиттен (120 сағат) немесе бір айдан кем емес уақытты құрайды.

      9. Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің оқудан өтуі туралы ақпаратты есепке алуды Академия жүзеге асырады.

      10. Президенттік резервте тұрған қызметкердің Академияға оқуға қабылдануына "Құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығына сәйкес құқық қорғау органдарының кадр қызметі жолдаған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаяты мәселелері жөніндегі комиссияның бекіткен хаттамалық шешімінен үзінді негіз болып табылады.

      11. Курстарға қабылдаудан бас тарту үшін қызметкердің Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінен шығарылуы негіз болып табылады.

      12. Академияға оқуға қабылдау туралы шешім Академия ректорының бұйрығымен рәсімделеді, оның үзіндісі тиісті құқық қорғау органына мәлімет үшін жолданады.

      13. Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді оқыту құқық қорғау қызметінің басым бағыттары бойынша құқық қорғау органдары алдында тұрған міндеттерді сәтті іске асыруға ықпал ететін кәсіби, іскерлік, тұлғалық қасиеттерді жетілдіру және тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

      14. Академияда құқық қорғау органдарының қажеттілігі негізінде Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді қайта даярлау менолардың біліктілігін арттырудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесі әзірленеді, ол құқық қорғау органдарымен келісіліп, Академия ректорымен бекітіледі. Қажет болған жағдайда жоспар-кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      15. Сабақ өткізуге жетекші ғалым-заңгерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, сондай-ақ жетекші шетелдік сарапшылар тартылады.

      Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді оқытуға Академия басшылығының шешімімен басқа да мамандар тартылады.

      16. Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің дайындығын анықтау үшін Академияда кіріс бақылауы және оқу аяқталғаннан кейін білім деңгейі нәтижелерінің өзгеру динамикасын анықтау үшін шығыс бақылауы өткізіледі.

      Білім бақылауы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      17. Курс аяқталғаннан кейін Академиямен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгідегі сертификат қосымшасымен беріледі, онда Президенттік резервте тұрған қызметкерлер оқыған пәндер тізімі, кіріс пен шығыс бақылауларының динамикасы көрсетіледі.

      Сертификаттың (қосымшасымен) көшірмелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне және құқық қорғау органының кадр қызметіне жіберіледі.

3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру тәртібі

      18. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың негізгі мақсаттары:

      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары білікті кадрлық құрамын қалыптастыру;

      2) қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті арнайы танымды, дағдылар мен шеберлікті меңгеру.

      19. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлау міндеттеріне қызметкерлердің жаңа қызмет түрін немесе функционалдық міндеттерді орындауы үшін қажетті қосымша білім, шеберлік пен дағдылар алуы жатады.

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру міндеттеріне олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін тиімді атқаруы үшін теориялық және тәжірибелік білімін, шеберлік пен дағдыларын тереңдету және кеңейту жатады.

      Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

      20. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы 2 кредиттен (30 сағаттан) немесе бір аптадан кем емес уақытты құрайды.

      21. Қызметкерлердің қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпаратты есепке алу құқық қорғау органдарының кадр қызметімен және Академиямен жүзеге асырылады.

      22. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмысын жоспарлау құқық қолдану тәжірибесінің басым бағыттарын, аймақтық ерекшеліктерді, сандық және сапалы кадрлық құрамды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      23. Құқық қорғау органдары жыл сайын 1 қарашаға дейін Академияға қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін қызметкерлердің саны мен санаты, сондай-ақ оқу кезеңі жөніндегі дәлелді ұсыныстарын жолдайды.

      24. Академияда құқық қорғау органдарының қажеттілігі негізінде қызметкерлерді қайта даярлау менолардың біліктілігін арттырудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесі әзірленеді, ол құқық қорғау органдарымен келісіліп, Академия ректорымен бекітіледі. Қажет болған жағдайда жоспар-кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      25. Құқық қорғау органдарының кадр қызметі қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жататын қызметкерлер тізімін құрастырады, және бекітілген жоспар-кесте мерзімінде олардың Академияға оқуға жіберілуін қамтамасыз етеді.

      Кадр қызметі қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын Академияға қызметтік тізім, Академияға оқуға жіберу туралы бұйрық көшірмесін, қажет болған жайдайда мемлекеттік құпияға рұқсат туралы анықтаманы жолдайды.

      26. Оқуға жолдаған қызметкерлер Академияға келгені жөнінде оның қызметкерлері жүргізетін міндетті тіркеуден өтеді.

      27. Академия оқытудың нысандарын, әдістерін мен құралдарын таңдай отырып, мыналарға жағдай жасайды:

      1) тыңдаушылардың нормативтік құқықтық актілер мен Мемлекет басшысының жолдауларында, сөйлеген сөздерінде анықталған Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізге бағыттары бойынша білімін тереңдету мен кеңейтуге;

      2) ұжымды тиімді басқарудың және ұйымдық-бақылау жұмысының нысандары мен әдістері бойынша білімді тереңдету мен кеңейтуге;

      3) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге;

      4) құқық қорғау қызметінің басым бағыттарын оқып-үйренуге;

      5) құқық қорғау органдары жұмысының озық тәжірибесін, соның ішінде шет ел тәжірибесін оқып-үйренуге;

      6) құқық қорғау органдары алдында тұрған міндеттерді сәтті жүзеге асыруға жетелейтінтиімді басқарушылық және жедел дағдыларды қалыптастыруға.

      28. Академиядағы оқу процесі лекция, семинар, тәжірибелік сабақтар, іскерлік ойындар, ғылыми-тәжірибелік семинар, конференция, консультациялар, өзіндік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәжірибе алмасу семинары, көшпелі сабақ, дөңгелек үстел түрінде жүргізіледі.

      Академия басшылығының шешімімен оқу процесінің басқа да түрлері белгіленеді.

      29. Оқу процесіне Академия қызметкерлері, сондай-ақ практикалық тәжірибесі бар және кәсіби шеберлігі жоғары құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.

      Оқу процесіне жетекші ғалымдар, сарапшылар, өзге жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ардагерлері, сонымен қатар шетелдік мамандар тартылуы мүмкін.

      30. Тыңдаушылардың дайындығын және білім деңгейін анықтау үшін Академияға оқуға келісімен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін анықтауға кіріс бақылауы өткізіледі.

      31. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін Академиямен білім деңгейі нәтижелерінің өзгеру динамикасын анықтау үшін шығыс бақылауы өткізіледі.

      Білім бақылауы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Бақылау қорытындылары емтихан ведомосына түсіріледі.

      32. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын аяқтаған, шығыс бақылауын сәтті тапсырған тыңдаушыға Академиямен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгідегі сертификат қосымшасымен беріледі, онда тыңдаушылар оқыған пәндер тізімі, кіріс пен шығыс бақылауларының динамикасы көрсетіледі.

      Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын аяқтаған әрбір тыңдаушыға Академиямен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тыңдаушының кәсіби біліктілігін дамыту деңгейі туралы қорытынды әзірленеді, оның көшірмесі қызметкердің негізгі жұмыс орнына жолданады.

      33. Тыңдаушылардың тәртіп бұзу деректері тиісті актілермен тіркеледі және тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарастыру үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

4. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау тәртібі

      34. Академияда кәсіби даярлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және экономикалық тергеу қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына бірінші рет қызметке тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 санымен тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Кәсіби даярлаудың негізгі мақсаттары:

      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары білікті кадрлық құрамын қалыптастыру;

      2) қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті арнайы танымды, дағдылар мен шеберлікті меңгеру.

      36. Кәсіби даярлаудың міндеттеріне мыналар жатады:

      1) қызметтік міндеттерді кәсіби орындауға үйрету;

      2) кәсіби, арнайы және физикалық дайындықтың жоғары деңгейіне жету;

      3) білім алушының ағымдағы заңнаманы, ведомостволық нормативтік-құқықтық актілерді, ғылыми және әдістемелік ұсынымдарды, оң тәжірибені тереңдете оқуын және құқық қорғау қызметініңпрактикалық дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету;

      4) қызметтік міндеттерді атқаруға және Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

      5) тыңдаушыларды ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке, күйзелісті жағдайларда психологиялық тұрақтылыққа баулу.

      37. Арнайы бастапқы оқытудың ұзақтығы 8 кредиттен (120 сағаттан) немесе 1 айдан кем емес уақытты құрайды және құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептелінеді.

      38. Арнайы бастапқы оқытудан өту туралы ақпаратты есепке алу құқық қорғау органдарының кадр қызметімен және Академиямен жүзеге асырылады.

      39. Арнайы бастапқы оқытуға қабылданған адамдарды ұстау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      40. Арнайы бастапқы оқыту құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұратынадамның Академия тыңдаушысы ретінде оқуға қабылданған күнінен бастап жүргізіледі.

      41. Арнайы бастапқы оқыту курсына жолдау Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр қызметімен жүзеге асырылады.

      Кадр қызметі арнайы бастапқы оқыту басталудан 10 жұмыс күн бұрын Академияға оқуға жіберу туралы бұйрық көшірмесін ұсынады.

      42. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұрған адамның арнайы бастапқы оқытуға тыңдаушы ретінде қабылданғаны туралы бұйрық Академия ректорымен шығарылады.

      43. Арнайы бастапқы оқытудың оқу процесі даярлаудың келесідей міндетті түрінен құралады:

      1) құқық қорғау органдары ұсынған тақырыптар бойыншаарнайы бастапқы оқытудың оқу жоспарларына сәйкес теориялық білім беру;

      2) практикалық оқыту:

      арнайы даярлау - құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін міндетті, физикалық күш, арнайы құралдар және атыс қаруын қолданумен, алғашқы медициналық көмек көрсетумен байланысты жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті шеберлікті қамтитын дайындық;

      бейінді даярлау - қызметтің нақты бағыты бойыншапрактикалық дағдыларды меңгеру, бекіту, құқық қорғау органдары құқық қолданупрактикасының жетістіктері негізінде тыңдаушылардың іскерлік сапасын жетілдіру мақсатында оқыудың топтық әдісін пайдалана отырып даярлау;

      3) тыңдаушылардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді және олардың қолданылу практикасын оқып-үйрену жөніндегі өзіндік жұмысы.

      44. Оқыту процесіне Академия қызметкерлері, сондай-ақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және кәсіби деңгейі жоғары құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.

      Сабақ өткізуге құқық қорғау органдарының ардагерлері, сот жүйесі, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орыдарының оқытушылары тартылуы мүмкін.

      45. Тыңдаушылардың дайындығын және білім деңгейін анықтау үшін Академияға оқуға келісімен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін анықтауға кіріс бақылауы өткізіледі.

      Арнайы бастапқы оқыту аяқталғаннан кейін Академиямен білім деңгейін және алған білімнің сапасын анықтау үшін шығыс бақылауы өткізіледі.

      Білім бақылауы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Бақылау қорытындылары емтихан ведомосына түсіріледі.

      46. Сабаққа қатысу мен үлгерімді ағымдық бақылау Академия қызметкерлерімен тиісті журналда жүргізіледі.

      47. Физикалық, атыс, саптық және медициналық дайындық бойынша оқытушылармен осы пәндерден сынақ қабылданады. Сынақ қорытындылары сынақ ведомостарында көрсетіледі.

      48. Академияның оқу бағдарламаларын толық көлемде орындаған, сынақты және шығыс бақылауын сәтті тапсырған тыңдаушылар арнайы бастапқы оқытудан өтті деп саналады.

      Арнайы бастапқы оқыту курсынан өткен тыңдаушыға Академиямен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгідегі сертификат қосымшасымен беріледі, онда тыңдаушылар оқыған пәндер тізімі, кіріс пен шығыс бақылауларының динамикасы көрсетіледі. Арнайы бастапқы оқыту курстарын бітірген әр тыңдаушыға Академиямен мінездеме толтырылады, оның көшірмесі тиісті құқық қорғау органдарына жеке іске тігу үшін жолданады.

      49. Арнайы бастапқы оқыту бағдарламасын орындамаған немесе өрескел тәртіп бұзған тыңдаушы құқық қорғау органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жіберіледі.

      50. Арнайы бастапқы оқытудан дәлелді себептермен (жанұя жағдайы, науқастануы және т.б.) өтпеген тыңдаушылар Академияға оқуға қайтадан жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін

      кәсіби даярлау, қайта даярлау және

      олардың біліктілігін арттырудың

      қағидаларына

      1-қосымша

      Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі

      Оқу жетістігін бағалау

Әріптік жүйедегі бағалау

Балдық сандық эквивалеті

% - дық

мазмұны

Дәстүрлі жүйеде бағалау

A

4,0

95 – 100

Өте жақсы

A-

3,67

90 – 94

B+

3,33

85 – 89

Жақсы

B

3,0

80 – 84

B-

2,67

75 – 79

C+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65 – 69

C-

1,67

60 – 64

D+

1,33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз


      Тестілеудің қорытындысын бағалау (тестілеу үшін тыңдаушыларға ұсынылатын тестік тапсырмалар көлемі - 30)

Дұрыс жауаптар саны

Емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші

30

100

29

97

28

94

27

90

26

89

25

85

24

79

23

75

22

70

21

65

20

60

19

55

18

50


      Қазақстан Республикасының

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін

      кәсіби даярлау, қайта даярлау және

      олардың біліктілігін арттырудың

      қағидаларына

      2-қосымша

      Кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті арттырудан өткен

      Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының

      президенттік резервінде тұрған қызметкерлерге арналған

      сертификат формасы

      1. Сертификат:

      1) көлемі 224 х 160 мм; болатын сырты қатты мұқабадан

      2) 210 х 150 мм; көлемді жапсырмадан

      3) қосымшадан тұрады

      2. Құжаттың сыртқы мұқабасы қою көк түстен дайындалады.

      3. Сертификаттың сыртқы мұқабасында алтын түспен толтырылған жазба орналастырылады.

      1) жоғарыда бедерлі жазумен мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" деп жазылады;

      2) ортасында- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының логотипі бейнеленген;

      3) логотип бейнесінің астында-құжат атауы "СЕРТИФИКАТ" бедерлі жазумен;

      4. Жапсырма бланкісі баспа әдісімен арнайы ашық көк түсті қағазда теріледі (мәліметтерсіз, қолмен немесе баспа құрылғысының көмегімен толтырылады).

      5. Қосымша бланкісі баспа құрылғысының көмегімен теріледі.

      6. Жапсырманың сол жақ ішкі бетінде сертификат мазмұны мемлекеттік тілде көрсетіледі, ал оң жақ бетінде осы жазудың бірдей мазмұны орыс тілінде жазылады.

      7. Жапсырманың сериясы және жеті санды тіркеу нөмірі болады.

      8. Жапсырма бланкісі, оған түсірілетін жазбалар көркем жазулы қолтаңбамен немесе баспа құрылғысы көмегімен толтырылатындай осы үлгіде болады.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы

Академия правоохранительных органов

при Генеральной прокуратуре

Республики Казахстан

Сертификат № ______

Осы сертификат,

_________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))

_______________________________ тақырыбында

___________________ сағат көлемінде

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру

курсынан өткенін растайды.

Настоящим подтверждает, что

___________________________________

(фамилия, имя, отчество

(при наличии))

прошел(ла) курс профессиональной переподготовки и повышения квалификации сотрудников правоохранительных органов, состоящих в Президентском резерве руководства правоохранительных органов Республики Казахстан на тему:

_____________________ в объеме ____ часов.

Ректор ____________/_____________/

М.О. __________ жылғы "___" _____

Тіркеунөмірі № _______

Ректор ____________/_____________/

М.П. "___" __________ года

Регистрационный номер № _______


      Сертификатқа қосымша

Сертификатқа қосымша

(НОБ № ___ сертификатсыз жарамсыз)

__________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында келесі пәндерді оқыды:

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

Мынадай білімін көрсетті:

кіріс бақылауында _____________________

шығыс бақылауында

_____________________

Ректор _______/ __________/

М.О.

Приложение к сертификату

(без сертификата № _______

недействительно)

___________________________________

(фамилия, имя, отчество

(при наличии))

за время обучения в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан изучил следующие дисциплины:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

показал (-а) следующие знания:

на входном контроле _______________

на выходном контроле ______________

Ректор __________/ ___________/

М.П.


      Қазақстан Республикасының

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін

      кәсіби даярлау, қайта даярлау және

      олардың біліктілігін арттырудың

      қағидаларына

      3-қосымша

      Кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті арттырудан өткен құқық қорғау

      органдары қызметкерлеріне арналған сертификат

      формасы

      1. Сертификат:

      1) көлемі 224 х 160 мм; болатын сырты қатты мұқабадан

      2) 210 х 150 мм; көлемді жапсырмадан

      3) қосымшадан тұрады

      2. Құжаттың сыртқы мұқабасы қою көк түстен дайындалады.

      3.Сертификаттың сыртқы мұқабасында алтын түспен толтырылған жазба орналастырылады.

      1) жоғарыда бедерлі жазумен мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" деп жазылады;

      2) ортасында- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының логотипі бейнеленген;

      3) логотип бейнесінің астында-құжат атауы "СЕРТИФИКАТ "бедерлі жазумен;

      4. Жапсырма бланкісі баспа әдісімен арнайы ашық көк түсті қағазда теріледі (мәліметтерсіз,қолмен немесе баспа құрылғысының көмегімен толтырылады).

      5. Қосымша бланкісі баспа құрылғысының көмегімен теріледі.

      6.Жапсырманың сол жақ ішкі бетінде сертификат мазмұны мемлекеттік тілде көрсетіледі, ал оң жақ бетінде осы жазудың бірдей мазмұны орыс тілінде жазылады.

      7. Жапсырманың сериясы және жеті санды тіркеу нөмірі болады.

      8. Жапсырма бланкісі,оған түсірілетін жазбалар көркем жазулы қолтаңбамен немесе баспа құрылғысы көмегімен толтырылатындай осы үлгіде болады.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы

Академия правоохранительных органов при Генеральной Прокуратуре Республики Казахстан

Сертификат № ______

Осы сертификат,

_________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))

_____________________________

тақырыбында

_______________ сағаткөлемінде біліктілікті арттыру/қайта даярлау курстарынан өткенін растайды.

Настоящим подтверждает, что

_________________________________

(фамилия, имя, отчество

(при наличии))

прошел(ла) курсы повышения квалификации/ переподготовки на тему:

_____________________ в объеме ____ часов.

Ректор ____________/_____________/

М.О. __________ жылғы "___" _____

Тіркеунөмірі № _______

Ректор ____________/_____________/

М.П. "___" __________ года

Регистрационный номер № _______


      Сертификатқа қосымша

Сертификатқа қосымша

(НОБ № ___ сертификатсызжарамсыз)

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында келесі пәндерді оқыды:

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

мынадай білімін көрсетті:

кіріс бақылауындаҒҒҒҒҒҒҒҒҒҒҒҒҒҒ _______________

шығыс бақылауында

_____________________

Ректор _______/ __________/

М.О.

Приложение к сертификату

(без сертификата № _______

недействительно)

___________________________________

(фамилия, имя, отчество (при наличии))

за время обучения в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан изучил следующие дисциплины:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

показал (-а) следующие знания:

на входном контроле ________________

на выходном контроле _________________

Ректор __________/ ___________/

М.П.


      Қазақстан Республикасының

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін

      кәсіби даярлау, қайта даярлау және

      олардың біліктілігін арттырудың

      қағидаларына

      4-қосымша

      форма

      Тыңдаушының кәсіби біліктілігін дамыту деңгейі туралы

      ҚОРЫТЫНДЫ

      _______________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      1. Жалпы мәлімет (оқытудың кезеңі және тақырыбы)

      2. Кіріс және шығыс бақылауының нәтижелері

      3. Басқару біліктілігінің даму дәрежесі туралы ақпарат (басым және әлсіз жақтары)

      4. Алдағы уақытта одан әрі кәсіби дамыту бойынша ұсынымдар

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы жанындағы

      Құқық қорғау органдары академиясының

      Кәсіби деңгейді арттыру Институты

      Кәсіби білім алу және дамыту

      Басқармасының бастығы

      Қазақстан Республикасының

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерін

      кәсіби даярлау, қайта даярлау және

      олардың біліктілігін арттырудың

      қағидаларына

      5-қосымша

      Арнайы бастапқы оқытудан өткен қызметкерлерге арналған сертификат

      формасы

      1. Сертификат:

      1) көлемі 224 х 160 мм; болатын сырты қатты мұқабадан

      2) 210 х 150 мм; көлемді жапсырмадан

      3) қосымшадан тұрады

      2. Құжаттың сыртқы мұқабасы қою көк түстен дайындалады.

      3.Сертификаттың сыртқы мұқабасында алтын түспен толтырылған жазба орналастырылады.

      1) жоғарыда бедерлі жазумен мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" деп жазылады;

      2) ортасында- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының логотипі бейнеленген;

      3) логотип бейнесінің астында-құжат атауы "СЕРТИФИКАТ "бедерлі жазумен;

      4. Жапсырма бланкісі баспа әдісімен арнайы ашық көк түсті қағазда теріледі (мәліметтерсіз,қолмен немесе баспа құрылғысының көмегімен толтырылады).

      5. Қосымша бланкісі баспа құрылғысының көмегімен теріледі.

      6.Жапсырманың сол жақ ішкі бетінде сертификат мазмұны мемлекеттік тілде көрсетіледі, ал оң жақ бетінде осы жазудың бірдей мазмұны орыс тілінде жазылады.

      7. Жапсырманың сериясы және жеті санды тіркеу нөмірі болады.

      8. Жапсырма бланкісі,оған түсірілетін жазбалар көркем жазулы қолтаңбамен немесе баспа құрылғысы көмегімен толтырылатындай осы үлгіде болады.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы

Академия правоохранительных органов

при Генеральной Прокуратуре

Республики Казахстан

Сертификат № ______

Осы сертификат,

_________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса) )

______________________________

тақырыбында

_______________ сағат көлемінде

құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту курстарынан өткенін растайды.

Настоящим подтверждает, что

____________________________________

(фамилия, имя, отчество

(при наличии))

прошел(ла) курс специального первоначального обучения для лиц, впервые поступающих на правоохранительную службу на тему: _______________ в объеме ____ часов.

Ректор ____________/_____________/

М.О. __________ жылғы "___" _____

Тіркеу нөмірі № _______

Ректор ____________/_____________/

М.П. "___" __________ года

Регистрационный номер № _______


      Сертификатқа қосымша

Сертификатқа қосымша

(НОБ № ___ сертификатсыз

жарамсыз)_________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында келесі пәндерді оқыды:

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

мынадай білімін көрсетті:

кіріс бақылауында _____________

шығыс бақылауында _____________

Ректор _______/ __________/

М.О.

Приложение к сертификату

(без сертификата № _______

недействительно)

____________________________________

(фамилия, имя, отчество

при наличии) )

за время обучения в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан изучил следующие дисциплины:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

показал (-а) следующие знания:

на входном контроле ________________

на выходном контроле _______________

Ректор __________/ ___________/

М.П.



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.