Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы

Актінің түрі
Тәртіп
Шешім
Қабылдау күні
26.10.2015
Өзгерту күні
06.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

Т. Егінбаев

Астана қаласы мәслихатының


хатшысы

С. Есілов

  Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 410/57-V шешіміне
1-қосымша

Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық
жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі

      Осы Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 8-бабының 4-тармағына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына оқу кезеңінде (жазғы демалысты қоспағанда) қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жеңілдікпен жүру түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.

      2. Астана қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.

      3. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) болып табылатын "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген санаттарға жататын білім алушылар туралы мәліметтер бар білім беру ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізімді:

      1) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Әкімшіге;

      2) техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) ұсынады.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Білім беру ұйымдары жаңадан келген және кеткен білім алушылар туралы жаңартылған мәліметтермен тізімді тиісті мемлекеттік органға ағымдағы жылдың наурыз, қыркүйек және желтоқсан айларының 10-на дейін ұсынады.

      6. Басқарма:

      1) білім беру ұйымдарының Тәртіптің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тізімдердің сапасы мен ұсынылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;

      2) ағымдағы жылдың тиісті айының 15-іне дейін Әкімшіге жаңартылған мәліметтермен тізімді ұсынады.

      7. Әкімші:

      1) білім беру ұйымдарының Тәртіптің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізімдердің сапасы мен ұсынылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Тәртіптің 12 және 13-тармақтарын іске асыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетеді.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

      9. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек білім беру ұйымына мынадай растайтын құжаттарды:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін түрдегі жазбаша өтінішін;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін - қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтама көшірмесін;

      3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысына жататындығын растайтын анықтаманы;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы мәліметтерді (жұмыс істейтін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түскен кірістер, балалар мен басқа да асыраудағы жандарға алимент түрінде алынатын кірістер) ұсынумен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлуге өтініш беруге дейін (өтініш берілген айды қосумен) ай санына және отбасы мүшелері санына кірістер сомасын бөлу арқылы белгіленеді.

      Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасы құрамында ата-ана (асырап алушылар) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар есепке алынады.

3. Әлеуметтік көмектің түрі және мөлшері

      10. Жеңілдікпен жол жүру мынадай түрде және мөлшерде белгіленеді:

      1) Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген барлық санаттағы 15 жасқа дейінгі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың ай сайынғы жол жүру билетін көлік картасын толықтыру жолымен сатып алу

      2) Тәртіптің 8-тармағының 1) тармақшасында аталған санаттағы жасы 15-тен жоғары білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін - көлік картасын толықтыру:

      қаңтарда - үш айлық жол жүру билетінің құны (қаңтар - наурыз);

      сәуірде - екі айлық жол жүру билетінің құны (сәуір - мамыр);

      қазанда - төрт айлық жол жүру билетінің құны (қыркүйек - желтоқсан);

      3) Тәртіптің 8-тармағының 2) тармақшасында аталған санаттағы жасы 15-тен жоғары білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін - көлік картасын толықтыру:

      қаңтарда - үш айлық жол жүру билеті құнының 50% (қаңтар - наурыз);

      сәуірде - екі айлық жол жүру билеті құнының 50% (сәуір - мамыр);

      қазанда - төрт айлық жол жүру билеті құнының 50% (қыркүйек - желтоқсан).

      Ескерту. 10 тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларды қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көлік картасын толықтыру үшін жол жүру билетін сатып алуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүргізіледі.

      Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Әкімші сатып алынған айлық балалар жол жүру билеттерін ұсынылған тізімге сәйкес әр білім беру ұйымына береді.

      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 06.03 2019 № 359/45-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 410/57-V шешіміне
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған Астана қаласы
мәслихатының кейбір шешімдерінің тізімі

      1. "Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 маусымда 442 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 шілдедегі "Астана хабары" газетінің № 112-114 нөмірлерінде және 2006 жылғы 13 шілдедегі "Вечерняя Астана" газетінің № 105 нөмірінде жарияланған);

      2. "Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/6-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы 480 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 26 қаңтардағы "Астана хабары" газетінің № 9 нөмірінде, 2008 жылғы 24 қаңтардағы "Вечерняя Астана" газетінің № 7 нөмірінде жарияланған);

      3. "Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 374/49-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 шілдедегі 640 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 20 шілдедегі "Астана хабары" газетінің № 77 нөмірінде, 2010 жылғы 20 шілдедегі "Вечерняя Астана" газетінің № 82 нөмірінде жарияланған).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.