Күшін жойған

"Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 205-1871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
20.07.2015
Өзгерту күні
28.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 205-1871 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 862 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 145 (3202) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 144 (3220) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:

      10-тармақтағы "қалсының" деген сөз "қаласының" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      12-тармақтағы "каржыландыру" деген сөз "қаржыландыру" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      16-тармақта:

      2) тармақшадағы "береу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      11) тармақшадағы "табағатты" деген сөз "табиғатты" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      26) тармақшадағы "фукнцияларын" деген сөз "функцияларын" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      21-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардын" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.