Күшін жойған

"Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
01.10.2015
Өзгерту күні
28.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 02.11.2016 № 206-2092 қаулысымен.

      1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" Мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" Мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Якупов Данияр Абайұлы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 10-1568 қаулысына
1-қосымша

"Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік
сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Астана қаласының мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы қызметін атқаратын атқарушы орган болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      8. Басқарманың толық атауы - "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      12. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару, Астана қаласының әкімі (бұдан әрі - әкім) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

      13. Басқарманың міндеттері:

      1) Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару;

      2) Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға беру), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға тапсыру;

      3) әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;

      4) әкімдік бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсіміне мониторинг жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын сақтау;

      6) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      7) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.

      8) жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi аукциондарды өткізу.

      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      Ескерту 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 21.10.2015 № 10-1869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2017 № 206-1105 қаулысымен.

      14. Басқарманың функциялары:

      1) Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді іске асыру;

      2) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-тапсыруды іске асыру;

      3) жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуы бойынша рәсімдерді жүргізу;

      4) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншiкке айналдырылған (келіп түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      5) әділет органдарында коммуналдық меншік объектілерінің меншік және жедел басқару құқығын тіркеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;

      8) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге коммуналдық мүлікті есептен шығаруға келісім беру;

      9) әкімдіктің шешімі бойынша Басқарма акционерлік қоғамдардың акционері және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушысы, сондай-ақ ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті мемлекеттік органы болады;

      10) әкімдіктің атынан уәкілдік етуге байланысты акционерлік қоғамдардың жалпы жиналыстарын басқару органдарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңестеріне мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

      11) Астана қаласының коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, кейiннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) және сенiмгерлiк басқаруға беру;

      12) Астана қаласының коммуналдық мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өтеусіз пайдалануға ұсыну;

      13) әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;

      14) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар өткізетін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторинг;

      15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалармен тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын өткізу кезінде конкурстық комиссиясының жұмысына Басқарма өкілдерінің қатысуы;

      16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

      18) жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi аукциондарды өткізу.

      19) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау;

      20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау.

      21) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүргізу;

      22) басқару органдарынан тізілімді жүргізу үшін қажетті қосымша мәліметтерді немесе құжаттарды сұрату.

      Ескерту 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 21.10.2015 № 10-1869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2017 № 206-654; 01.06.2017 № 206-1105 қаулысымен.

      15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

      1) әкімдікке Астана қаласының даму мақсаттарын, басымдылықтарын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      2) өз құзыретінің шегінде жұмысты ұйымдастыру мақсатында бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау;

      3) Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару мәселелері жөнінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      4) өз құзыретінің шегінде әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары туралы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін, жобалау-сметалық құжаттамасын, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұрату;

      5) өз құзыретінің шегінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерден жоспарларды, есептілікті, шарттарды, төлемдер туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша басқа да мәліметті қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу мониторингін өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату;

      6) өз құзыретінің шегінде коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушыларынан артық және пайдаланылмайтын Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерінің мүлкін мүліктік жалдауға (жалға беруге), кейіннен тапсыру туралы және берілген объектілердің кейінгі шығуын және өлшемін жүзеге асыру құқығымен ақпаратты сұрату;

      7) коммуналдық мүлік мәселелері жөнінде Басқарманың мүддесін білдіру және Астана қаласының аумағында оның мүліктік құқығын қорғау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотта Басқарманың мүддесін ұсыну.

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) Басқарма жұмысының Регламентін бекітеді;

      8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

      10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

      Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

      20. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың мүлкі коммуналдық меншікке жатады және ол оған жедел басқару құқығында тиесілі.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 10-1568 қаулысына
2-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылырының тізімі

      1. "Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысы.

      2. "Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114-288 қаулысы.

      3. "Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 114-683 қаулысы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.