Күшін жойған

"Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
16.10.2015
Өзгерту күні
28.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 158-1084 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 11 тамызда № 933 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2015 жылғы 15 тамыздағы № 90 (3295) және "Вечерняя Астана" газетінің 2015 жылғы 15 тамыздағы № 90 (3313) нөмірлерінде жарияланған) және Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 879 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 12 (3217) және "Вечерняя Астана" газетінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 12 (3235) нөмірлерінде жарияланған) № 370-89 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбуева Ләззат Еркентайқызына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 158-1639 қаулысымен
бекітілген қосымша

"Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Шолпан Иманбаева көшесі, № 16.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының халқын өнімді жұмыспен қамтиды, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

      15. Міндеттері: гендерлік теңдік қағидатына сәйкес Астана қаласының халқын еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

      2) еңбек нарығының жағдайын талдау және болжау;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      4) шетелдік жұмыс күшін қолдануды реттеу жолымен ішкі еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз ету;

      5) Ескерту. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) Ескерту. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға қатысу;

      8) оралмандарды қабылдау және орналастыру;

      9) Астана қаласындағы еңбек нарығының жағдайы туралы тиісті органдарды және халықты хабардар ету;

      10) атқарушы билік органдарымен бірлесіп – әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      11) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;

      12) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      13) кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі тұлғаларға қатысты, сондай-ақ олардың мүліктеріне және сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткендер мен қайтыс болғандардың мүліктеріне қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;

      14) мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары, көп балалы отбасылар, оралмандар және жасы бойынша зейнеткерлер жөнінде деректер банкін қалыптастыру;

      15) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша келу және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдау;

      16) бейімдеу және интеграциялау қызметтерін алу мақсатында оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруын қамтамасыз ету;

      17) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен өзге әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

      19) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Басқарма қатысуы міндетті істердің жекелеген санаттары бойынша сот жұмысына қатысу;

      20) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;

      21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу;

      22) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) жұмыс берушiлер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асыру;

      24) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      25) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      26) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

      27) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;

      28) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

      29) өндiрiстiк объектiлердiң еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;

      30) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзірлеу және бекіту;

      31) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға мерзімді есептердi, сондай-ақ еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөнiндегi ақпараттық жүйе базасында еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгiнің жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсыну;

      32) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты беру;

      32-1) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 21.03.2017 № 158-1281 қаулысымен.

      32-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;

      32-3) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 21.03.2017 № 158-1281 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) әлеуметтік көмекке үміткерлерден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құжаттарды сұрату, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың растығын тексеруді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан, және жеке тұлғалардан Басқармаға жүктелген функциялар мен қызметтерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрау;

      3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;

      4) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);

      5) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салу;

      6) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алу;

      7) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;

      9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;

      10) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізу;

      11) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;

      13) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап-арыздар және өзге де материалдар жіберу;

      14) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

      17) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;

      18) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

      19) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

      20) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;

      21) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу;

      22) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

      23) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасу;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының, басшылардың орынбасарларының және бас есепшілерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын және бас есепшілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма басшысының орынбасарларына, қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына және бас есепшілеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 21.03.2017 № 158-1281 қаулысымен.

      1. Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. "Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Астана қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Астана қаласы әкімдігінің "Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Астана қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      9. Астана қаласы әкімдігінің "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.