Күшін жойған

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
19.02.2015
Өзгерту күні
27.04.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-қорында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________Т.Дүйсенова

      2015 жылғы _____________



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 51 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік тізілім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдар (бұдан әрі - сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.

      3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), прокурорларды, нотариустарды және процеске өзге де қатысушыларды сот сарапшылары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.

2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.

      6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге (алынып тастауға) жататын сот сарапшылары туралы мәліметтерді сот сараптамасы органдары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Комиссия Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электронды түрде бір данада сот сарапшысы біліктілігін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін, аттестаттаудан өткеннен кейін, сот сараптамасы органдарынан жұмыстан босатылғаннан кейін не болмаса Комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны бергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.

      8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Комиссия тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электронды түрде бір данада өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

      10. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі

      11. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус, процеске өзге де қатысушылар Мемлекеттік тізілімге енгізілген сот сарапшылары туралы мәліметтерді пайдаланады.

      12. Қажет болған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус, процеске өзге де қатысушылар Орталықтың мекенжайына сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде ресімдейді.

      13. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні ұсынады.

      14. Аталған үзінді, сұрауды ресімдеген қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), прокурордың, нотариустың, процеске өзге қатысушылардың мекенжайына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік
тізілімінің нысаны

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы

Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні, оны берген мемлекеттік органның атауы

Аттестаттаудан өткен күні

Сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің жұмыс орны және атқаратын лауазымы/сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.