Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
08.10.2015
Өзгерту күні
07.09.2015
Актіні қабылдаған орган
Ақсу ауданының мәслихаты
Ақсу ауданының әкімдігі
      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Ақсу ауданының Қызылағаш ауылдық округіндегі Қызылағаш ауылының шекарасы (шегі) 77,6 гектарға өзгертіліп, Қызылағаш ауылының жаңа шекарасы жалпы көлемі 347,6 гектар болып белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Сессия төрағасы Б. Сүлейменов
      Мәслихат хатшысы C. Серпербаев
      Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Ақсу ауданы Қызылағаш ауылы елді мекенінің жаңа шекараларының схемалык картасы


      
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.