Күшін жойған

"Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
10.03.2015
Өзгерту күні
20.04.2016
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды қаласының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 20.04.2016 № 16/16 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Қарағанды қаласының атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 04/05 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/02 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Ағатановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н. Әубәкіров

      

 
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 07/18 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласы аумағындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласын, өнеркәсіп, индустриалды – инновациялық саясат, инветициялық қызметті есепке алу және үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
      4. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Бейбітшілік бульвары, 39.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      12. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен, "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      13. Миссиясы:
      кәсіпкерлік саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлер қызметін қолдау және қорғауды қамтамасыз ету;
      2) Қарағанды қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвистициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;
      4) Қарағанды қаласының өнеркәсібі саласын дамытуға жағдайлар жасайды.
      15. Функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
      2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
      4) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
      5) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      7) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді;
      9) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      10) белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және арыздарды қарастыру;
      11) құзыретіне сәйкес кәсіпкерлерді дамыту және қолдау, қорғау мәселелі бойынша, қабылдануға белгіленген нормативтік-құқықтық актілерді және заңнама жобаларына ұсыныстарды әзірлеу;
      12) құжат айнылымның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүруін қамтамасыз етеді;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттелген функциясын орындау үшін қала территориясында орналасқан мекемелер және мемлекеттік органдардан олардың бағыныстарына қарамастан ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттелген функциясына сәйкес өткізілген іс- шараны іске асыруға ұйымдар және кәсіпорын басшыларын келісім бойынша тарту;
      3) өз құзыретіне қатысты мәселелерін шешу бойынша қала әкімі және әкімдігіне қарастыруға ұсыныс енгізу;
      4) "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліске шақыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекетік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Қарағанды қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатылады.
      19. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары бар және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларының уәкілетелігін және міндеттерін анықтайды;
      2) заңнамамен сәйкес "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметтеріне тағайыдайды және босатады;
      3) заңнамада бекітілген тәртіппен "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уәкілдік етеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада өкілеттілігін жүзеге асырады.
      "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы әрекеттегі заңнамаға сәйкес орынбасарының өкілетін анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі береген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше қөзделмесе "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.