Күшін жойған

Ақтоғай ауданында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
02.12.2015
Өзгерту күні
11.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Ақтоғай ауданының мәслихаты
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 30 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтоғай ауданында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Е. Әбілдин
Аудандық мәслихат хатшысы
М. Оңғарқұлов

      

 
Ақтоғай аудандық мәслихатының 36 сессиясының
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 338 шешіміне қосымша

Ақтоғай ауданында бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындарының тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 18.01.2016 № 363 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Елді мекеннің атауы
Өткізу орны
1.
Ақтоғай ауылы
Мәдениет үйінің алдындағы алаң
2.
Сарышаған кенті
Клуб алдындағы алаң
3.
Шашубай кенті
Клуб алдындағы алаң
4.
Абай ауылы
Клуб алдындағы алаң
5.
Айыртас ауылы
Клуб алдындағы алаң
6.
Жидебай ауылы
Клуб алдындағы алаң
7.
Кежек ауылы
Клуб алдындағы алаң
8.
Қусақ ауылы
Клуб алдындағы алаң
9.
Қызыларай ауылы
Клуб алдындағы алаң
10.
Қараменде би ауылы
Клуб алдындағы алаң
11.
Қарабұлақ ауылы
Клуб алдындағы алаң
12.
Нүркен ауылы
Клуб алдындағы алаң
13.
Ортадересін ауылы
Клуб алдындағы алаң
14.
Тасарал ауылы
Клуб алдындағы алаң
15.
Тораңғалық ауылы
Клуб алдындағы алаң
16.
Сарытерек ауылы
Клуб алдындағы алаң
17.
Шабанбай би ауылы
Клуб алдындағы алаң

      
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.