Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Шешім
Қабылдау күні
26.06.2015
Өзгерту күні
20.05.2015
Актіні қабылдаған орган
Түпқараған ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 1 тармағының 12 - 3) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже бекітілсін.
      2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
 
 
 

      Сессия төрағасы:                        С.Қойшыбаев
 
 
      Аудандық мәслихат хатшысы:              А.Досанова
 
 

 
Түпқараған аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ 30/205 шешімімен бекітілген
 
 

Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы
Ереже 1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ауданның Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
      2. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар марапатталады.
      3. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
      4. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
      Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
      Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің, бөлімдер басшыларының марапаттау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.
      5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына жолданған марапаттау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.
      Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
      6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе марапаттау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
      7. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Түпқараған аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
      Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Құрмет грамотасымен қайта марапаттау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

2. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      8. Құрмет грамотасы – бетінде Елтаңба белгісі салынған, мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағазда дайындалады.
      Қосымшаның айқара ашылатын бетінің сол жағында ұлттық оюмен өрнектелген Түпқараған ауданының символы орналасқан. Аудан символы күн сәулесімен, алтын түстес қыран бүркітпен және ұлттық өрнекпен бейнеленген. Қосымшаның оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазуға орын қалдырылған. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.

3. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

      9. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының Еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
      10. Марапаттау туралы мәліметтер Түпқараған ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының марапаттау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
      11. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе оның орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы марапатталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналысында салтанатты түрде табыс етеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.