Күшін жойған

"Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
03.12.2015
Өзгерту күні
05.04.2017
Актіні қабылдаған орган
Петропавл қаласының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 05.04.2017 № 615 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
      3. Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі енгізілген өзгерістер туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте әділет органдарын хабардар етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің м.а. Қ. Ғалеев

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 1897 қаулысымен Бекітілді

"Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы саласында басшылық ететін мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
      3. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Үкіметінің өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
      5. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан кіреді.
      6. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуға құқылы, егер ол заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса.
      7. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіптегі өз құзырының мәселелері бойынша "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық сан лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілінде - "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Петропавловска".
      11. Осы ереже "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      13. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функционалдық міндеті болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
      Егер "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда, осымұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері

      14. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Петропавл қаласы аумағында мемлекеттік сәулеттік және қала құрылысы саясатын жүргізу.
      15. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты:
      1) сәулет және қала құрылысы саласында уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
      2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және Петропавл қаласының аумағын дамыту бойынша бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттар.
      16. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын, заңдарда белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз етудің қағидаларын тиісті мәслихаттарға бекітуге ұсыну;
      4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
      7) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
      12) көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес өз құзыры шегінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат жүргізу;
      2) облыстық, қалалық әкімдіктің және мәслихаттың, қалалық, аумақтық және өзге атқарушы органдардың алқа отырыстарына қатысу;
      3) қолданыстағы заң нормаларын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтыр мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.

      18. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілік атқаратын басшы жүзеге асырады.
      19. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Петропавл қаласының әкімімен тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      20. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болмайды.
      21. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері және міндеттері:
      1) лауазымы бойынша Петропавл қаласының бас сәулетшісі болып табылады;
      2) "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілік атқарады;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      4) "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды, міндеттерін анықтайды және жұмыстан босатады;
      5) "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу мәселесін шешеді;
      6) орындалуға міндетті бұйрықтар шығарып, нұсқаулар береді;
      7) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін таныстырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі.

      22. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлікке ие бола алады.
      "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақша кірістерін қоса) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де дереккөздерден қалыптасады.
      23. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге белгіленбесе, оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен оқшаулауға немесе өзге тәсілмен басқаруға құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.

      25. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. Таратқаннан кейін қалған "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      27. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      28. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілеттіктері жоқ.

6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі

      29. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және басқа өкілетті органдардың өзара қарым қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді және реттеледі.
      30. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін – жұмасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
      31. "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен азаматтарды қабылдау аптаның әр сәрсенбісінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, "Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен азаматтарды қабылдау сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізеді.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.