Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы мен елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу схемалары туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
24.04.2015
Өзгерту күні
27.03.2015
Актіні қабылдаған орган
Сарыағаш ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы мен елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу схемалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М.Мамбетов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Садықов

Сарыағаш аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 40-344-V шешіміне қосымша

Сарыағаш қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

      1-аймақ:
      Оңтүстігі «Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпірінен республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып, Рамадан каналы бойымен П.Елібай көшесіне дейін, П.Елібай көшесі бойымен С.Исмайлов көшесі қиылысына дейін, С. Исмайлов көшесінің бойымен «Алып» базары қиылысына дейін, сол көше бойымен Рамадан каналына тіреліп, канал бойымен Гагарин көшесінің қиылысына дейін.
      Сол жерден республикалық маңызы бар жолдың оңтүстігімен жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып, Қабланбек ауылдық округінің шекарасына дейінгі жерлер енгізілді.
      Солтүстік беттегі республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып, Қабланбек ауылдық округінің шекарасынан «Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпіріне дейінгі жерлер және темір жолдың шетінен 150 метр қашықтықтағы жерлер енгізілді.
      2-аймақ:
      Темір жолдан бастап С.Исмайлов көшесі бойымен «Алып» базарының артқы жағындағы айналма жолымен Рамадан каналы каналына дейін, Рамадан каналы бойымен Әскери бөлімді айнала отырып, А.Омаров көшесінің қиылысына дейін келіп, әскери бөлімнің шекарасымен Республикалық маңызы бар жолға дейін, республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып Сарыағаш қаласының шығыс шекарасына келіп, Сарыағаш қаласының шығыс және оңтүстік шекарасы бойымен Кескен каналының қиылысына келіп, канал бойымен темір жолға дейінгі жерлер енгізілді.
      «Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпірінен республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып Рамадан каналына дейін, Рамадан каналы бойымен П.Елібай көшесінің қиылысына дейін, П.Елібай көшесі бойымен темір жолға дейінгі жерлерді қамтиды.
      3-аймақ:
      Республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерді алып 10 кварталдың шығыс шекарасы бойымен, 012 кварталдың шекарасына дейін, 012 кварталдың шекарасы бойымен 1 кварталдың шекарасына дейін, 012 кварталдың шекарасы бойымен Сарыағаш қаласының батыс шекарасына дейін, қаланың шекарасы бойымен оңтүстікке қарай республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлерге дейін қамтиды.
      4-аймақ:
      012 кварталдың қалған аймағы және 019 кварталдың республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр қашықтықтағы жерлердің шекарасынан бастап солтүстікке қарай түгел кіреді.

Абай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

      1-аймақ:
      М.Артыков көшесінің бойындағы республикалық маңызы бар «Шымкент-Шыназ» жолдың ортасынан 150 метр қашықтықтағы жерлерге дейін қамтиды.
      2-аймақ:
      Автостанциядан Д.Қонаев көшесінің бойымен Т.Рыскулов көшесімен қиылысына дейін, Т.Рыскулов көшесінің бойымен «Ешан» базарын қоса алғандағы көшенің ортасынан 150 метр қашықтықтағы жерлерді қамтиды.
      3-аймақ:
      Абай ауылының барлық қалған жерлері кіреді

Көктерек поселкесінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

      Көктерек поселкесінің аумағындағы жерлер

Сарыағаш ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

      Ақжар ауылдық округі –Ақжар, Бағыс елді мекендері;
      Алпамыс батыр ауылдық округі–Ақжол, Қауыншы елді мекендері;
      Ақтөбе ауылдық округі–Қызыл әскер, М.Горький, Жаңа дәуір (Ворошилов), Ынтымақ, Көгерту, Жуантөбе, Ақжар, Қаратөбе, Көкбұлақ (Казахстан), Ғ.Мұратбаев, Қия жол, Құйған (Октябр), Бозсу (Ленин), Ескі қорған (Киров) елді мекендері;
      Әлімтау ауылдық округі - Әлімтау, Жайдаққұдық, Көктал, Тасқұдық елді мекендері;
      Бірлік ауылдық округі - Бірлік, Жаңатіршілік, Коммунизм (Ащысай), Құрыөзек (Құйған), Мәдениет (Қаңтарбай), Қосөткел (Киікші), Ушагаш (Молдабай) елді мекендері;
      Біртілек ауылдық округі - Біртілек (М.Рахимов), Димитров (Оразата), Еңбекші (Энгельс), Жолбасшы, Аманкелді, Көлтоған, Игілік, Шырылдақ (15 жылдық), Жабайтөбе (Буденный), Құрылыс, Шұқырсай, Аққорған, Керегетас (К.Октябрь) елді мекендері;
      Бірлесу ауылдық округі - Қазақстан (Б.Амиров), 28-гвардия, Берекелі (Целиный), Дихан (Садовая) елді мекендері;
      Бозай ауылдық округі - Бозай, Тентексай, Шолантөбе, Тартогай елді мекендері;
      Дарбаза ауылдық округі - Дарбаза, 50 разъезд, 51 разъезд, Ердәуіт, Жаңаауыл, Тасқұдық, Сарысу, Құрысай (Ызақұдық) елді мекендері;
      Дербісек ауылдық округі - Дербісек, Атамекен елді мекендері;
      Жартытөбе ауылдық округі–Ынтымақ, Төнкеріс, Құрама, Бостандық, Достық елді мекендері;
      Жамбыл ауылдық округі - Бекбота, Майдабозай, Байғабыл, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері;
      Жемісті ауылдық округі - Жемісті, Тың елді мекендері;
      Жылға ауылдық округі - Жылға, Шайхана, Қарақалпақ, Шымырбай, Қызыласу (Қызылабад), 49 разъезд, Қапан (Нұрауыл), Шеңгелді, 3 ферма елді мекендері;
      Жібек жолы ауылдық округі - Жібек жолы, Социализм, Жаңа тұрмыс, Қарабау (КССР 13 жылдық), Жаңа құрылыс, Қожахан, Сарқырама, Сок-сок ата, Тың елді мекендері;
      Жүзімдік ауылдық округі - Жүзімдік (Ә.Сатбаев), Оңтүстік, Бірлесу, Ақсу (Канал) елді мекендері;
      Тегісшіл ауылдық округі - Таскескен, Мәдениет, Тегісшіл елді мекендері;
      Қабланбек ауылдық округі - Қабланбек (Горное), Тыңтөбе (Целинное), Ташқұлақ, Зах, Ақниет (20 лет КазССР), Сіргелі, Қанағат (Ленин жолы), Жонарық елді мекендері;
      Қошқарата ауылдық округі - Бесқұбыр, 1-мамыр, Шынар, Қошқарата (Коммуна), Ұшқын, Мақташы, Алғабас, Аманжар (Бесжылдық), Қарабура (Кілем), Жаңақоныс, Бесауыл (Төменгі Калинин), Жамбыл, Байтерек елді мекендері;
      Қызылжар ауылдық округі - Қызылжар, Жаскешу елді мекендері;
      Құркелес ауылдық округі - Ақниет, Келес, Жаңаарық, Еңкес, Құлтума, Дархан, Нұрлыжол (Мичурин), Құркелес, Алғабас, Ақ үй, Жылысу (Қызыл Қазақстан), Жаңаталап, Дастан (Ортатөбе), Бесқұдық, Береке елді мекендері;
      Ошақты ауылдық округі - Ошақты, Құрбанов, Еңбек, Береке (Комминтерн), Ынталы (Фрунзе), Саңырау, Қоңыртөбе, Сарыжылға, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай (Қызылжұлдыз), Атақоныс (Большевик), Жиделі (21 партсъезд) елді мекендері;
      Ұшқын ауылдық округі–Ұшқын, Достық, Қоралас елді мекендері.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.