Күшін жойған

"Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-246/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
29.07.2015
Өзгерту күні
09.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Үржар ауданының мәслихаты
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 09.06.2016 № 3-35/VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 2 тармағы және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихат ШЕШТІ :
      1."Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-246/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3352 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымындағы 68-69 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Үржар аудандық мәслихатының регламентiнде:
       7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Жұмақұлов
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.