Күшін жойған

Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Әдістеме
Қабылдау күні
16.04.2016
Өзгерту күні
28.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

      1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;

      2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

      3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;

      4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

      5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;

      6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;

      7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;

      8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;

      9) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттері (k1, k1-2, k2) мәндерінің меншікті капиталдың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген буферлерін және пайыздық үстемеақыларын есептегенде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) ең төменгі мәндерінің сомасынан төмендеуі.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі;

      қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді;

      таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

      1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;

      2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ұлғаюы;

      3) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуы;

      4) банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының ұлғаюы.

      3. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі бекітілсін.

      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 69 қаулысына
1-қосымша

Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банктің қаржылық жай-күйінің
нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану тәртібін белгілейді.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтаған кезде банкке ертерек ден қою шараларын қолданады.

      2. Қағидалардың талаптары Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау процесіндегі банктерге қолданылмайды.

      3. Уәкілетті орган осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін реттеуші есептіліктің деректер базасы негізінде ай сайын банктің қызметін талдауды жүзеге асырады.

      4. Банктер туралы заңның 45-бабына сәйкес банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.

      Банк және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органның талабын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторды толық талдауды;

      осы фактордың болжамы, осындай болжамның негіздемесі және банктің қызметіне тигізетін теріс әсері;

      осы факторды жақсарту шаралары, яғни оны банктің қызметі үшін қауіп төндірмейтін (қосымша тәуекелдер) деңгейге дейін жеткізу;

      іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдерін көрсете отырып);

      іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды тұлғалар қамтылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеп және уәкілетті органға ұсынады.

      Факторды жақсарту жөніндегі шаралар мыналарға бағытталған:

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      өтімділік коэффициенттерін:

      ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      ұлттық валютамен өтеу коэффициентін кемінде 0,4 деңгейіне дейін жеткізу;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) мәндерін меншікті капиталдың уәкілетті орган белгілеген буферлерін және пайыздық үстемеақыларын есептегенде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) ең төменгі мәндерінің сомасына дейін жеткізу.

      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.

      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мен банк іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте банк уәкілетті органның ескертулерін жою үшін іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімде түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздемесін ұсынады.

      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынады.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне Банктер туралы заңның 45-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талаптарды кою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден қою шараларын қолданады.

      Осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда банк банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидалардың осы тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оның қаржылық жай-күйінің нашарлағанын көрсететін ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне енгізілген банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына (бұдан әрі - № 257 қаулы) сәйкес жүйе құраушылар деп танылатын әлеуетті банктердің тізіміне енгізілген банк, уәкілетті орган жүргізген стресс-тестілеу нәтижелері бойынша капитал жеткіліктілігінің көрсеткіші бұзылғаны байқалған банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банк уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiмен, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiмен (бұдан әрі – № 170 нормативтер) белгіленген буферлерді есепке ала отырып, банктің меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттері меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен төмен болған жағдайда банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      2) жыл сайын есепті жылғы 1 (бірінші) наурызға дейінгі мерзімде банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлардың ай сайынғы көрсеткіштерінің болжамын:

      меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген факторлар көрсеткіштерінің.

      Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген факторлар көрсеткіштерінің өзгеру болжамы қаржылық жылдың соңына дейін жасалады және жылына 1 (бір) реттен көп емес негіздемелерді ұсынумен қайта қаралады.

      Ескерту. 5-тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Уәкілетті орган факторлар көрсеткіштерінің болжам мәндерінің ағымдағы мәндерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Болжамда банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар көрсеткіштерінің өзгеруі 10 (он) пайызға анықталған жағдайда уәкілетті орган Қағидалардың 4-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

      Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген факторлар көрсеткіштерінің, сондай-ақ меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің өзгеру болжамы стресстік сценарийдің әсер ету тиімділігін бағалаумен толықтырылады.

      Уәкілетті орган стресстік сценарий өлшемдері бойынша сценарийлер мен ұсынымдарды жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне енгізілген банкке, № 257 қаулысына сәйкес жүйе құраушылар деп танылатын әлеуетті банктердің тізіміне енгізілген банкке, уәкілетті орган жүргізген стресс-тестілеу нәтижелері бойынша капитал жеткіліктілігі көрсеткішінің бұзылғаны байқалған банкке уәкілетті органға факторлардың болжамды көрсеткіштерін ұсыну мерзіміне дейін бір ай бұрын береді.

      Қайта ұйымдастыру рәсімінен өткен және (немесе) бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізген банк соңғы 12 (он екі) айдағы ақпарат болған жағдайда, банктің факторларды (осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген факторды қоспағанда) есептеуді жүзеге асырады.

      7. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда банк Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес уәкілетті органға негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейінгі қатынасының төмендеуі көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады. Іс-шаралар жоспарын аяқтау мерзімі фактор анықталған сәттен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықтағы мерзімнен аспайды.

      Іс-шаралар жоспарында әр есепті кезеңде жүргізуі жоспарланған, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлігіндегі іс-шаралар көрсетіледі.

      Банк уәкілетті орган мақұлдаған іс-шаралар жоспарын бір мәрте уақтылы орындамаған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілік мәндеріне 2 (екі) пайыздық тармақты құрайтын қадағалау үстемеақысы қолданылады және негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесін банктің несие портфеліне жалпы көлеміне қатысты несие портфелінен 10 (он) пайыздан кем деңгейге дейін төмендеткенге дейін қолданыста болады.

      Банк іс-шаралар жоспарын екі мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша банктің атқарушы органы басшысының іс-шаралар жоспарын орындау үшін жауапты орынбасарына қатысты Банктер туралы заңның 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген санкцияны қолданады.

      Банк іс-шаралар жоспарын үш мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша банктің атқарушы органының басшысына қатысты Банктер туралы заңның 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген санкцияны қолданады.

      Осы тармақты орындау мақсаты үшін банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындамауы мыналар болып табылады:

      есепті күні осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактордың нақты мәнінің іс-шаралар жоспарында белгіленген болжамдық мәннен асып кетуі;

      іс-шаралар жоспарына енгізілген әрбір өзгеріс.

      Есепті күні осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактордың нақты мәнінің болжамдық мәннен:

      кемінде 10 (он) пайызға;

      күнтізбелік 10 (он) күннен аз мерзімге;

      теңгенің шетел валютасына орташа мөлшерленген биржалық бағамының ұлғаюы нәтижесінде соңғы 3 (үш) айда 10 (он) пайыздан көп асып кетуі банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындамауы болып танылмайды.

      8. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болған жағдайда осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша іс-шаралар жоспарлары олар анықталған кезде ұсынылмайды.

      Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар анықталған жағдайда, осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған, сондай-ақ олар банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер еткен кезде банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздар үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуді көздейтін анықталған фактор бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылады.

      Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі ретінде алдағы күнтізбелік 12 (он екі) айдағы қатарынан соңғы күнтізбелік 6 (алты) айда осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлардың өзгеру динамикасы жалғасқан кезде қалыптасатын негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар қатынасының 10 (он) пайыз деңгейге дейін асып кетуі түсінілу тиіс.

      Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі осылайша есептеледі:

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаты үшін:







      мұнда:

      МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      НП (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының мақсаттары үшін:







      мұнда:


– есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

– есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      НП (ай) – қаралатын кезеңнің соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).

2-тарау. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің № 170 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;

      2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).

      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мынадай талаппен:



      ТЖҚ (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      МК (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;

      ЖҚБ (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      Пр (ай) – жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;

      4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      МҚ61-90 – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).

      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:


                  мұнда:

– есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

– есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:



      ТҚ – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      ТҚ-ға "А-"-дан төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар және банктік холдинг немесе банкке қатысты ірі қатысушы болып табылмайтын банктің осы қарыздары бойынша болған құнсыздануды сөзсіз қамтамасыз ету болып табылатын депозит сомасына жабылған негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар кірмейді;

      НП – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      келесі талап орындалған жағдайда     

мұнда:

      ЖДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек;

      ДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек;

      А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.

      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.

      Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі.

      Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;

      7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.

      Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: 



      БТК (0ТШ) (n) – табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;

      Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

      Кт – мына формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:



      А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.

      Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:



      Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

      А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;

      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;

      8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі.

      Ұлттық валютадағы бос активтерге:

      қолма-қол ақша;

      корреспонденттік шоттардағы қаражат;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;

      шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар;

      банктердегі овернайт - салымдары;

      кері репо - овернайт;

      2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді.

      Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге:

      жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      басқа банктердің овернайт - салымдары;

      2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді.

      Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі:



      n – бір айдағы күнтізбелік күндердің саны.

      Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Банктің қаржылық жай-күйі нашарлауына әсер ететін факторлардың көрсеткішін есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбадан соң беріледі;

      9) уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың буферін және пайыздық үстемені ескере отырып, меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері (k1, k1-2, k2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің сомасынан төмен түсуі.

      Пайыздық үстеме уәкілетті орган белгілеген оң айырманың:

      2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап 95 (тоқсан бес) пайызға;

      2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайызға;

      2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайызға;

      2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 50,01 (елу бүтін жүзден бір) пайызға;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайызға;

      2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайызға көбейтілген;

      k1, k1-2 и k2 коэффициенттерді есептеуде қолданылатын, тәуекел дәрежесі бойынша алынған активтердің, шарттық және ықтимал міндеттемелердің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап капитал буферлерін ескере отырып меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндеріне пайыздық үстеме енгізілмейді.

      Осы қаулының 1-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген факторларды есептеу 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 7) тармақшасының талаптары негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1) негізгі капитал жеткіліктілігінің 0,10 коэффициентіне тең немесе төмен болатын немесе № 170 нормативтерде белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2) меншікті капитал жеткіліктілігінің 0,13 коэффициентіне тең немесе төмен болатын банкке қолданылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 69 қаулысына
2-қосымша

Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банк конгломератының
қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидалары және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы

      31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін белгілейді.

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған кезде банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына ертерек ден қою шараларын қолданады.

      2. Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-банк холдингтеріне, банк холдингінің белгілеріне ие және Банктер туралы заңның 45-бабының 7-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғаларына қолданылмайды.

      3. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу мақсатында қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

      4. Банк конгломератының қаржылық жай-күйіне талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша осы қаулының

      2-тармағында көрсетілген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған кезде уәкілетті орган Банктер туралы заңның 45-бабына сәйкес банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде талап жібереді.

      Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның талабын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мыналар:

      банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактордың жан-жақты талдауы;

      осы фактордың болжамы, осы болжамның негіздемесі мен банк конгломератының қызметіне теріс әсері;

      осы факторды жақсарту, яғни банк конгломератының қызметі үшін қауіп төндірмейтін деңгейге дейін (қосымша тәуекелдер) жеткізу жөніндегі шаралар;

      іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдері (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері көрсетіле отырып);

      іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғалар қамтылатын іс-шаралар жоспарын әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.

      Уәкілетті орган банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.

      Уәкілетті орган банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылау жүргізеді. Бұл ретте банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органның ескертулерін жою үшін жоспарды түзетеді немесе осындай ескертулерімен келіспеген жағдайда өздерінің негіздемелерін ұсынады.

      Уәкілетті орган банк холдингі және (немесе) ірі қатысушы ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша түрде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуы туралы есепті уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін мыналар:

      банк конгломератына қатысушылардың өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтерді есептеуін және (немесе) төлеуін (таза кірісті бөлуін) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтату;

      басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымнан шеттету;

      банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломератына қатысушылардың жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншікті капиталын ұлғайту;

      банк конгломератының активтерін қайта құрылымдау;

      әкімшілік шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесін азайту арқылы қысқарту;

      банк холдингін және банк конгломератына қатысушыларды тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұру бойынша талаптар қою арқылы қолданады.

      5. Осы қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды дербес анықтаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидалардың 4-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, өзінің қаржылық жай-күйінің нашарлағанын көрсететін ақпаратты ұсынады.

2. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер
ететін факторларды анықтау әдістемесі

      6. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі – № 309 нормативтер) белгіленген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту;

      2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең төменгі мәнінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;

      3) есепті тоқсанда банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының банк конгломератының меншікті капиталынан 0,30 деңгейге дейін ұлғайту;

      4) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты жүйелі түрде (қатарынан 6 (алты) ай ішінде үш және одан көп рет) ертерек ден қою шараларын қолдану.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі мәмілелер бойынша бір біріне талабының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі мәмілелер бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн, сондай-ақ Банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті табыс ету қағидаларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына 7-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша банк конгломератының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есепте көзделеді.

      Банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі банк конгломераты қатысушыларының арасындағы мәмілелер бойынша бір біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының номиналды құнының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiне, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiне 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесінде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен айқындалған туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есепке алынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 69 қаулысына
3-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
құрылымдық бөліктерінің тізбесі

      1. "Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11987 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Ертерек ден қою шараларын және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 142 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11986 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12863 тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) тіркелген Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.