Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына дайындау жөніндегі ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
21.07.2016
Өзгерту күні
22.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚР Орталықсайлаукомы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына дайындау жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                      Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы      
Орталық сайлау комиссиясының   
2016 жылғы 22 маусымдағы № 40/137
қаулысымен бекітілген       

Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың
депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп
ережелерін сақтауына байланысты, сондай-ақ депутаттардың
өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа
ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты
мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына
дайындау жөніндегі ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына дайындау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 52-бабы 6-тармағын, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 33-бабы 4-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 32) тармақшасын іске асыру мақсатында бекітілді.
      2. Ереже Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) депутаттарға Конституцияның 52-бабы 2-тармағының талаптарын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі - Парламент) қарауына дайындауын регламенттейді.

2-тарау. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты
мәселелерді қарау

      2. Депутаттардың Парламент Палаталары мен олардың органдары отырыстарына келуiн, сондай-ақ депутаттың өз даусын басқа бiреуге беруiне жол бермеуiн бақылау:
      1) Ортсайлауком мүшесiнің Парламент, оның Палаталары мен олардың органдары отырыстарына бару барысында Конституциялық заңның 8-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып жүзеге асыратын тексеруі;
      2) Палаталардың отырыстарына қатысып отырған депутаттарды тіркеу туралы ақпаратты сұрату;
      3) Парламент органдары отырыстарының жұмысына депутаттардың қатысуы туралы хаттамалардың көшірмелерін сұрату;
      4) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) депутаттарға уақытша еңбекке қабілетсіздік парақтарын бергені, депутаттардың демалыста немесе іссапарда болғаны туралы мәліметтерді сұрату нысанында жүзеге асырылады.
      2. Ортсайлауком мүшелері депутаттардың Парламент пен оның органдарының отырыстарына келуі туралы Ортсайлауком Төрағасына ақпарат беріп отырады.
      3. Депутаттың Парламент Палаталарының отырыстарына бір сессия ішінде дәлелдi себептерсiз үш реттен артық, Парламент Палаталары мен олардың органдарының бірлескен отырыстарына бір айдан аса қатыспауы, дауыс беру құқығын басқаға беруi аталған мәселелерді Ортсайлаукомның отырысында қарау үшін негіздер болып табылады.
      4. Аталған бұзушылықтар расталған жағдайда, қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасына жіберілетін, депутатқа Конституциялық заңның 33-бабында белгіленген жазалау шараларын қолдану туралы ұсыным дайындалады.

3-тарау. Депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді
сақтау туралы мәселелерді қарау

      5. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуына қатысты шектеуді сақтауын бақылау «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректерді тексеру арқылы жүзеге асырылады.
      6. Парламент депутатының оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаратыны, оның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратыны, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамында екені туралы ақпарат келіп түскен кезде Ортсайлауком қаралатын мәселемен тікелей байланысты тұлғалар шақырылатын Ортсайлаукомның отырысында қаралатын, мәселеге қатысты құжаттар мен өзге ақпаратты талап ете отырып, мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға жүгінеді.
      7. Конституцияның 52-бабы 3-тармағында белгіленген шектеулерді Парламент депутатының сақтамау фактілері расталған жағдайда, Ортсайлауком қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасына депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным енгізеді.

4-тарау. Парламент депутаттарының депутаттық
әдеп Ережелерін сақтауына байланысты мәселелерді қарау

      8. Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1996 жылғы 8 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентімен белгіленген депутаттық әдеп ережелерiн Парламент депутаттарының бұзғаны туралы мәселелерді Ортсайлаукомның қарауына дайындау негіздемесі тиісті Палата Төрағасының немесе Палата Бюросының жазбаша өтініші болып табылады.
      9. Ортсайлауком Парламент депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін бұзуына себепші болған нақты жағдаяттарды тексереді.
      Тексеру кезінде Парламент, оның Палаталары отырыстарының стенограммалары, Парламент органдары отырыстарының хаттамалары, уәкілетті органдардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және өзге материалдар пайдаланылуы мүмкін.
      10. Тексеру тиісті Палата немесе Палата Бюросы Төрағасының жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      11. Парламент депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауымен байланысты мәселелер Ортсайлаукомның отырысында қаралады.
      12. Парламент депутатының депутаттық әдеп ережелерін бұзған
фактілері расталған жағдайда, Ортсайлауком ұсыным дайындайды және оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны Парламенттің тиісті Палатасы Төрағасының қарауына енгізеді.
      13. Аталған фактілер расталмаған жағдайда, қорытынды дайындалады және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасы немесе Палата Бюросы Төрағасының қарауына енгізіледі.

5-тарау. Депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға,
оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі
құқығынан айыруға байланысты мәселелерді қарау

      14. Парламент депутаты орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен, оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда, Ортсайлауком Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды және Парламенттің тиісті Палатасына Парламент депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізу туралы шешім қабылдайды.
      Қаулының көшірмесі оның қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасына жіберіледі.
      15. Қазақстан халқы Ассамблеясының өзі сайлаған Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі, Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін таңдаушылардың сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі, Парламент Мәжілісі депутатының саяси партиядан шыққаны немесе шығарылғаны, ол сайланған саяси партия қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Ортсайлаукомға келіп түскен кезде Ортсайлауком тиісті адамның Парламент Мәжілісі немесе Сенаты депутатының өкілеттігінен айрылу фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды.
      16. Қаулының көшірмесі оның қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасына жіберіледі.
      17. Парламенттің тиісті Палатасы жіберген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу туралы ұсынымы оның келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      18. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Парламенттің тиісті Палатасына жіберіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.