Күшін жойған

"Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
10.10.2016
Өзгерту күні
20.07.2017
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 170/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 707 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қаңтарда "Астана ақшамы" № 2 және "Вечерняя Астана" № 2 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 - тармақта 6) және 7) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:

      "6) Драве синдромы ауруына арналған "Стирипентол" препараты, капсула;

      7) Қалқанша безінің медуллярлы ісігі ауруына арналған "Вандетаниб" препараты, таблеткалар;";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) "Инфликсимаб" препараты, көктамыр ішіне енгізілетін ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 100 мг, "Бехтерев ауруына" арналған "Адалимумаб" инъекцияға арналған 40 мг/0,8 мл ерітінді;

      "9) Муковисцидоз ауруына арналған "Тобрамицин" препараты, капсулаларда ингаляцияға арналған 28 мг ұнтақ.".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихат


сессиясының төрағасы

З. Шибкенов

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ДСБ) басшысы

      Е. Байжүнісов


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.