Күшін жойған

"Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
08.04.2016
Өзгерту күні
17.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Ақмола облысының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № А-7/357 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ А-5/ 141 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі архив ісі және құжаттау саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңба, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Баймұқанов көшесі, 23.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары
мен мiндеттемелерi

      14. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағында архив ісі және құжаттардың құрылуына қатысты бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеті: облыс аумағында архив ісін мемлекеттік басқару.
      16. Функциялары:
      облыстың мемлекеттiк архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
      облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарына мемлекеттік есеп жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
      құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығына сараптама ұйымдастыру;
      облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыру;
      облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
      жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;
      коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және қолдану;
      сараптау-тексеру комиссиясын құру туралы ереженi бекiту;
      Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
      облыс тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
      "Архивтік анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
      17. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелері:
      мемлекеттік архивтердің құрылымы мен жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттік архивтердің жұмысын тексеруге;
      меншік түріне қарамастан, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан ведомстволық архивтер жұмысы мен құжаттаманы басқару қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының жағдайы, мемлекеттік есепке алынған және оларда сақталудағы тарихи, мәдени ескерткіштер құжаттары туралы қажетті материалдар алу;
      ұйымдардың өкілдерін ведомстволық архивтер жұмысы және құжаттаманы басқару қызметтерінің мәселелері бойынша тыңдау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң және қызметтердің орындалуына дербес жауапты болып табылатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты облыстық, аудандық және қалалық мемлекеттік архивтердің басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты архив ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты архив ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап береді;
      сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен құрылады.
      22. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының архивтер
мен құжаттамалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

"Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

      1) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Ақмола облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Атбасар қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Степногорск қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Аршалы ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Астрахан ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Атбасар ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Бұланды ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Бурабай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Есіл ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Жақсы ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Зеренді ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Целиноград ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Шортанды ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.