Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-2 "Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
11.01.2017
Өзгерту күні
23.12.2016
Актіні қабылдаған орган
Астрахан ауданының мәслихаты
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-2 "Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4089 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық
мәслихатының сессия
төрайымы
Г.Мұқанова
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      23.12.2016 ж
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.