Күшін жойған

Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 "Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
22.04.2016
Өзгерту күні
05.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Бұланды ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" кодексінің 387, 444 бабтарына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұланды аудандық мәлихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 "Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 29 мамырда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспеде "387, 444 бабтарын", "386, 444 бабтарына" ауыстырылсын;

      1 тармағындағы "пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге" сөзі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 2-сессияның төрағасы Т.Садвақасов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      19 сәуір 2016 жыл

      Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік
кірік басқармасы РММ-нің басшысы
Д.Әділбеков

      19 сәуір 2016 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.