Күшін жойған

Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Өзгерту
Қабылдау күні
07.09.2016
Өзгерту күні
11.02.2020
Актіні қабылдаған орган
Бұланды ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихаттың "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 бөлімнің 2 тармағының 8 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Бұланды аудандық бөлімшесі;";
      2) 3 бөлімнің 18 тармағының 5 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "5) Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.";
      3) 3 бөлімнің 28 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 5 - сессияның
төрағасы
Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      11 тамыз 2016 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.