Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
02.06.2016
Өзгерту күні
15.06.2018
Актіні қабылдаған орган
Есіл ауданының (Ақмола облысы) мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

      2. "Есіл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 40/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4683 тіркелген, 2015 жылғы 16 наурызда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Г.Кәрімова
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      25 сәуір 2016 жыл

  Есіл аудандық мәслихатының
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 3/3 шешіміне
қосымша

Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткзудің тәртібі

      1. Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткзудің тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер өткізу орындары анықталсын:

      1) Есіл қаласы, аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң, Гагарин көшесі, 5;

      2) Есіл қаласы, орталық стадион, Ғарышкерлер көшесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 18.08.2016 № 7/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2018 № 32/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Есіл ауданы аумағында шерулер және демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар анықталсын:

      1) Есіл қаласы, Дистанционная және Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысынан бастап Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Мичурин көшесінің бұрылысына, әрі қарай Мичурин көшесінің бойымен Гагарин көшесінің бұрылысына және аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейін;

      2) Есіл қаласы, Энергетиктер және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан бастап Ғарышкерлер көшесінің бойымен орталық стадионға дейін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 15.06.2018 № 32/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында мыналарға жол берілмейді:

      1) транспаранттар, ұрандар, өзге де материалдарды (көзбен шолу, аудио/бейне) пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің атына тіл тигізуге шақырып көпшілік алдында сөйлеуге;

      2) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттар, психотропты заттар немесе оларға ұқсас заттар пайдалануға.

      5. Қоғамдық тәртіпті және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) әр түрлі жекеленген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасулары қажет;

      2) бір уақытта және бір күнде, бір нысанда кем дегенде үш жеке пикет өткізуге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 18.08.2016 № 7/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Пикетке шығу кезінде:

      1) пикетке шығу нысанында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын қолдануға;

      3) пикет тақырыбы бойынша қысқаша ұрандар айтуға рұқсат беріледі.

      7. Митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізуден Есіл ауданы әкімдігінің бас тартуын алғанда немесе оған тыйым салу туралы шешім болған жағдайда уәкілдер (ұйымдастырушылар) тез арада барлық дайындық шараларын болдырмауға және барлық ынталы қатысушыларға осы туралы тиісті хабар беруге шара қолданады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.