Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 "Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
16.01.2017
Өзгерту күні
26.12.2016
Актіні қабылдаған орган
Теміртау қаласының мәслихаты
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 "Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қарашада жарияланған, 2016 жылғы 02 желтоқсандағы № 48 (344) "Вечерняя Караганда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасының 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Быков
      Маслихат хатшысы В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ
      Теміртау қаласының әкімі
___________ Ғ.Әшімов

      "26" желтоқсан 2016 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      Ақтау кентінің әкімі
___________ А.Бегенеев

      "26" желтоқсан 2016 жыл
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.