Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
28.06.2016
Өзгерту күні
08.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Балқаш қаласының мәслихаты
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Балқаш қаласының аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі № 60 "Балқаш өңірі" және № 79-80 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Пшенбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

  Қалалық мәслихаттың
2016 жылғы 08 маусымдағы
№ 3/32 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Балқаш қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін осы қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      2. Балқаш қаласында бейбіт жиналыстар және митингiлер өткізу орындары:
      1) М. Қазбекова көшесі бойынша №1 және №3 үйлердің арасындағы алаң;
      2) Жидебай батыр шағын ауданындағы №1 және №3 үйлер арасындағы алаң;
      3) Желтоқсан көшесіндегі М. Русаков ескерткіші жанындағы алаң.
      3. Балқаш қаласында шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:
      1) А. Молдағұлова көшесінен К. Байсеитова көшесіне дейін;
      2) Ленин көшесінің айналмасы бойымен В. Спицын - Желтоқсан көшелерінің қиылысына дейін;
      3) Жезқазған көшесі бойынша (Ержанов көшесінен "МИГ" ұшағына дейін).
      4. Қала әкімдігі басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақытын, орнын және маршрутын ұсынады.
      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күнінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.
      6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) орны, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      7. Осы Тәртіптің 5, 6 тармақтары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледi.
      8. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы әлеуетті қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқау беріледі.
      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген орында өткiзiледi.
      10. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.
      11. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.
      12. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушыларға жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.
      13. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушыларға жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, сондай-ақ біреуді жәбірлейтін транспаранттарды, ұрандарды қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      14. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасын заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.
      15. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
      16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың өздерінің қауіпсіздігі мақсатында түрлі дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.
      17. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігін қолдана) айтуға жол беріледі.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.