Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Актінің түрі
Тәртіп
Шешім
Қабылдау күні
14.10.2016
Өзгерту күні
28.09.2016
Актіні қабылдаған орган
Шахтинск қаласының мәслихаты
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Суханова
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ж. Мамерханова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Шахтинск қаласының ішкі
саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С. Нурмаганова

      2016 жылғы 28 қыркүйек

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 қыркүйектегі
VII сессиясының № 1341/7
шешіміне
қосымша

Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шахтинск аймағының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Шахтинск аймағының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

2. Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

      2. Басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады:
      1) Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің аумағында митингілер, бейбіт жиналыстарөткізу орындары:
      Шахтинск қаласы – Парковая, Торговая көшелерінің және Абай Құнанбаев даңғылының қиылысында;
      Долинка кенті – Гаражная және Садовая көшелерінің қиылысында;
      Новодолинский кенті – Лесная көшесі мен Медицинский бұрылысының қиылысында;
      Шахан кенті – Шаханская және Совхозная көшелерінің қиылысында.
      2) Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің аумағында бейбіт шерулер, демонстрациялар өткізу маршруттары:
      Шахтинск қаласы – Торговая көшесіндегі жеке меншік үйлердің шетінен бастап, Парковая көшесі мен Абай Құнанбаев даңғылының қиылысына дейін;
      Долинка кенті – Гаражная және Садовая көшелерінің қиылысынан бастап Гаражная және Парковая көшелерінің қиылысына дейін;
      Новодолинский кенті – кенттің мәдениет үйінен бастап Лесная көшесі және Медицинский бұрылысының қиылысына дейін;
      Шахан кенті – кенттің мәдениет үйінен бастап Совхозная көшесінің қиылысына дейін.
      3. Шахтинск қаласының әкімдігі іс-шаралардағы уәкілеттілерімен (ұйымдастырушылармен) келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болдырмау мақсатында, сонымен қатар бұрын немесе бір уақытта берілген өтініштер бойынша іс-шаралардың нысаны, уақыты мен орнын (маршрутты), уақытын өзгертуге ұсыныс жасай алады.

3. Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің талаптары

      4.Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.
      5. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілеттілердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Шахтинск қаласының әкімдігіне
      тіркелген күнінен бастап есептеледі.
      6. Осы Тәртіптің 5-тармағы бұзылған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнінен бастап есептеледі.
      Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.
      8. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды жалғастыру қайта қалыптастыру үшін жергілікті орындаушы органның бекітілген тәртібімен рұқсат алу қажет.
      9. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдарынан белгіленген тәртіп бойынша рұқсат алу талап етіледі.
      10. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауы керек.
      11. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға қабілеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.
      12. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға және басқа да қатысушыларға алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушыларға жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.
      14. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындаса, қоғамдық тәртіп бұзылса Шахтинск қаласы әкімдігі өкілінің талабы бойынша шартсыз тоқтатылуы керек. Бұл ретте уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) барлық дайындалған іс-шаралардың тоқтатылуы бойынша және ол туралы әлеуетті қатысушыларға тиісті хабардар ету бойынша шаралар жүргізулері керек.
      15. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикетке қатысушылардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының әкімдігі бір күнде, бір мерзімде, сол нысанда үштен артық емес жекелеген пикеттердің өткізілуіне рұқсат бере алады.
      16. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикетшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әртүрлі дара пикетшілердің қатысушылары бір-бірінен кем дегенде қашықтықта орналасады.
      17. Пикетке шығу кезінде пикет өтетін объектінің жанында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға, қысқа ұрандарды шақыруға, пикет тақырыбында жарнамалық ұранды (өз даусының мүмкіндіктерін пайдаланып) шақыруға жол беріледі.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.