Күшін жойған

"Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
03.05.2016
Өзгерту күні
01.08.2016
Актіні қабылдаған орган
Ақтау қаласының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды –Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 01.08.2016 № 1429 қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысына (Е. Туретаев):
      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Трұмов

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2016 жылғы "30" наурыз
  № 530 қаулысымен
  бекітілген

"Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Тұрғын үй инспекциясы қала әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1587 қаулысымен құрылды.
      3. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына қатысты құқық субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган Ақтау қаласының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
      4. Тұрғын үй инспекциясының толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Государственное учреждение "Актауская городская жилищная инспекция".
      Тұрғын үй инспекциясы:
      облыстық маңызы бар қала әкімдігі деңгейінде (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде) Тұрғын үй бөлімі түрінде құрылады.
      5. Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шекті штат санын "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 241 қаулысымен бекітілген олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органы белгілейді.
      Тұрғын үй инспекциясы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
      6. "Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, қала әкімдігінің ғимараты.

2. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі

      7. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап кейін құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығын иеленеді.
      8. Тұрғын үй инспекциясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
      9. Тұрғын үй инспекциясы өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшаға жауапты болады.
      10. Тұрғын үй инспекциясының азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді.

3. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен
өкілеттіктері

      11. Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      12. Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады. 
      13. Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттігіне:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
      6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
      7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.
      14. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес:
      1) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
      4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
      15. Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
      16. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
      1) тексеру жүргізген кезде қызметтік куәлігін көрсетсе тексерілетін объектіге барады;
      2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратады, тексеру нысанына қатысы бар құжаттардың түпнұсқасымен танысады;
      3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 43 бабының 7 тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;
      4) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізеді;
      5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
      6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
      7) тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасайды;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына сәйкес Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарады.
      17. Тұрғын үй инспекциясына Ережеде бекітілген өзінің қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.

4. Тұрғын үй инспекциясын басқару

      18. Тұрғын үй инспекциясына жалпы басқаруды құрылтайшы жүзеге асырады.
      19. Құрылтайшы мынадай функцияларды жүзеге асырады.
      1) тұрғын үй инспекциясына мүлікті бекітіп береді;
      2) тұрғын үй инспекциясын жеке қаржыландыру жоспарын жасайды;
      3) тұрғын үй инспекциясына берілген мүлікті сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      4) тұрғын үй инспекциясының ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      5) тұрғын үй инспекциясының құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және тұрғын үй инспекциясы органының өкілеттігі мерзімін, тұрғын үй инспекциясының шешім қабылдау тәртібін белгілейді;
      6) тұрғын үй инспекциясы басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымнан босату негіздерін белгілейді;
      7) мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      8) тұрғын үй инспекциясы басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
      10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тұрғын үй инспекциясына берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
      11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды).
      20. Тұрғын үй инспекциясының басшысын Ақтау қаласының әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
      21. Тұрғын үй инспекциясының басшысы тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады, Ақтау қаласының әкіміне тікелей бағынады және тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
      22. Тұрғын үй инспекциясы қызметін жүзеге асырған кезде тұрғын үй инспекциясының басшысы:
      1) тұрғын үй инспекциясының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) тұрғын үй инспекциясының іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту
      және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;
      6) банк шоттарын ашады;
      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
      8) Ақтау қаласының әкімі тағайындаған қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
      10) өзінің орынбасарының және тұрғын үй инспекциясының өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.

5. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тәртібі

      23. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі:
      1) оған құрылтайшы берген мүлік;
      2) өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік;
      3) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      24. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады және жедел басқару құқығында оған тиесілі.
      25. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығармайды немесе оған өзгеше әдіспен билік ете алмайды.
      26. Тұрғын үй инспекциясының қызметі Ақтау қаласы әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады (шығыстар сметасы).
      27. Тұрғын үй инспекциясы бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржы және бюджеттік есеп беру саласындағы заңнамаға сәйкес есеп береді.
      28. Тұрғын үй инспекциясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді құрылтайшы жүзеге асырады.

6. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі

      29. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі дүйсенбі-жұмада сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс: сенбі, жексенбі, мереке күндері.

7. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі

      30. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
      31. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату

      32. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.