Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Шешім
Қабылдау күні
13.01.2017
Өзгерту күні
09.12.2016
Актіні қабылдаған орган
Қарақия ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).

      3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Бекова
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы А.Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6/75 шешіміне қосымша

Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже
Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.

      2. Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар марапатталады.

      3. Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

      4. Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің, бөлімдер басшыларының марапаттау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.

      5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына жолданған ұсыныстар аудан әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      6. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Қарақия аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Құрмет грамотасымен қайта марапаттау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

2. Қарақия ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      7. Құрмет грамотасы – бетінде Елтаңба белгісі салынған, мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка түрінде болады. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымшаның айқара ашылатын бетінің сол жағында ұлттық оюмен өрнектелген Қарақия ауданының символы орналасқан.

      Қосымшаның оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазуға орын қалдырылған. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.

3. Қарақия ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

      8. Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының Еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.

      9. Марапаттау туралы мәліметтер Қарақия ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының марапаттау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      10. Қарақия ауданының Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе оның орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы марапатталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналысында салтанатты түрде табыс етеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.