"Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
20.04.2016
Өзгерту күні
29.03.2016
Актіні қабылдаған орган
Түпқараған ауданының әкімдігі
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (1-қосымша);
      2. Осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аппарат басшысы Г.Демеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Асауов

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 29 наурыздағы
  № 64 қаулысына қосымша

"Түпқараған аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбайұлы көшесі, №3 ғимарат.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде- "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства".
      10. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкімдігі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      14. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігімен анықталады.

2. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларының дамуы бойынша функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.
      16. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
      1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;
      3) сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
      4) реттелген нарықтық экономика жағдайындағы жобалаудың, құрылыстың және жөндеу-құрылыс өндірісінің әр түрлі прогрессивті нысандары мен әдістеріне ықпал ету;
      5) ауданның елді мекендерінде бас жоспарлар мен объектілердің құрылысын қарау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа міндеттерді орындау.
      17. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:      
      1) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және ұсыныстар дайындау;
      2) иесіз жер учаскелерін есепке қою;
      3) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу туралы ұсыныстар енгізу;
      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      5) мемлекетпен жеке меншікке сатылатын немесе жер пайдалануға берілетін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) басқа да табиғатты қорғау іс-шаралары кешенінде жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      8) ауданның елді мекендерінің аумағының жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
      9) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншіге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      10) жер учаскелерін немесе мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмейтін жер учаскелерінің құқығын сату жөнінде саудалар (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
      12) ауданның жер балансын жасау;
      13) жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;
      14) аудан аумағында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;
      16) жер учаскелерін жалға беру және сатып алу-сату шарттарын жасау;
      17) іздестіру жұмыстары үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау;
      18) құрылыс ережелерін және құрылыс, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру мәселерін реттейтін басқа да құжаттарды әзірлеу;
      19) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілердің құрылысы және жөндеу барысына бақылау;
      20) құрылыс объектілері жұмыстарына бақылау;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру.
      18. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
      2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға.
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағыттылған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
      5) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) өз құзіретінің шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.