Күшін жойған

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орынын белгілеу мен кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
04.03.2016
Өзгерту күні
30.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Курчатов қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 30.05.2019 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Курчатов қаласы бойынша барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Курчатов қаласы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Нұрғалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Курчатов қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы С. Смағулов
      "26" ақпандағы 2016 жыл

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "26" ақпандағы
№ 374 қаулысына 1 қосымша

Курчатов қаласы бойынша барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

№Р/с

Елді мекен атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Курчатов қаласы

"Қалалық Мәдениет үйі" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының жанындағы алаңқай, Тәуелсіздік көшесі, 2

2

Қазпошта ғимараты жанындағы алаңқай, Абай көшесі, 13

3

"Мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңқай, Тәуелсіздік көшесі, 10

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "26" ақпандағы
№ 374 қаулысына 2 қосымша

Курчатов қаласы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай

№Р/с

Үй-жай тұрған жері

Мекенжайы

1

"Қалалық Мәдениет үйі" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Курчатов қаласы Тәуелсіздік көшесі, 2


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.