"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
27.04.2017
Өзгерту күні
18.03.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚР Орталықсайлаукомы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14073 тіркелген, "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметтік куәлік:

      1) Ортсайлауком Төрағасының қолымен – Ортсайлауком аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына;

      2) аппарат басшысының қолымен – Ортсайлауком аппаратының қызметкерлеріне олар лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәлік бүлінген, жоғалған, қолданыс мерзімі өткен кезде беріледі.

      аталған қаулымен бекітілген 2-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметтік куәлігінің сипаттамасында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), төмен қарай қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болса), тегі, атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, тиісінше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының немесе аппарат басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Б. Имашев
      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.