Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
28.06.2017
Өзгерту күні
01.01.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Министр ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы "_"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр ______ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "_"________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 50 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9324 тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;";

      1-қосымшаның "Өтініш" нысаны осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан";

      6-қосымшаның "Өтініш" нысаны Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тіркелген тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер, экономика секторы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес) заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі – БСН), почта және заңды мекенжайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға қағидалар жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қосалқы шотты және (немесе) тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруін және сақтауын жүзеге асырады.

      Номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруін номиналды ұстаушы күн сайын жүзеге асырады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Басқарушы компаниясы инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған инвестициялық пай қорының номиналды ұстауға берілген пайларын кастодианның сатып алу бойынша операцияны тіркеуін қамтамасыз ету мақсатында және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өзінің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мұндай пайларды есепке алуды жүзеге асырған номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған жағдайда, мұндай инвестициялық пай қорының кастодианы бір мезгілде кастодианға хабарлай отырып, пай ұстаушыларға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шарт шеңберінде ашылған клиенттердің шоттарындағы пайларды есептен шығару туралы бұйрықтарды орталық депозитарийге ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

      Пай ұстаушыдан пайларды есептен шығару жөніндегі бұйрықты алған жағдайда, орталық депозитарий Қағидалардың 34-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны пай ұстаушыға жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде пайларды есептен шығару туралы бұйрықты не пай ұстаушының орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, кастодиан:

      орталық депозитарийге пай ұстаушыға бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуға бұйрықты жібереді;

      орталық депозитарийден пай ұстаушыға бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдердің жүйесінде жеке шотты ашу туралы хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан пай ұстаушыға тіркеуші оларды кейіннен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есептеу мақсатында пайларды есептен шығаруға бұйрық жібереді.";

      35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотында мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) тұрса, онда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-әрекеттер салынған мұндай шектеулер туралы мәліметтерді орталық депозитарийге бір мезгілде берумен, оларды мұндай бағалы қағаздар есепке жазылатын жеке шотта міндетті түрде көрсетумен және ол шектеулерді салған адамға ол бойынша салынған шектеулермен мұндай бағалы қағаздарды одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын жеке шоттың жаңа деректемелерін көрсетумен жүргізілген операциялар туралы бір мезгілде хабарлай отырып жүзеге асырылады.".

      3. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12998 тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "3. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листинг комиссиясы) құрылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Листинг комиссиясы тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листинг комиссиясы мүшелерінің саны бес адамнан кем болмайды.

      5. Листинг комиссиясының құрамына қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі кіреді.

      Листинг комиссиясы құрамы мыналардан құралады:

      қор биржасы басқармасының мүшелері;

      қор биржасы директорлар кеңесінің мүшелері;

      "Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ өкілдері.

      Листинг комиссиясы мүшелерінің бірі листинг комиссиясының отырыстарына жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қатыспаған жағдайда, қор биржасының директорлар кеңесі оны қайта сайлау туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "6. Листинг комиссиясының құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      7. Директорлар кеңесі листинг комиссиясының төрағасын қор биржасы басқармасының мүшелері және уәкілетті органның өкілдері болып табылатын мүшелерді қоспағанда, листинг комиссиясының мүшелері арасынан сайлайды.

      8. Листинг комиссиясының отырыстары уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі отырысқа қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Листинг комиссиясының отырысына қажеттілігіне қарай бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымның өкілдері (бұдан әрі - қаржы консультанты) шақырылады.

      9. Листинг комиссиясының шешімі оның қабылдануына листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі дауыс берсе қабылданады.

      10. Листинг комиссиясы қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13333 тіркелген "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысымен (бұдан әрі - № 13 қаулы) және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарымен бекітілген критерийлерге сәйкес келетін күмәнді мәмілелерді анықтаған болса, күмәнді мәміле туралы есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:

      1) оның негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәміле № 13 қаулыға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес күмәнді мәмілелер санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;

      2) күмәнді мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;

      3) өзара байланысты күмәнді мәмілелер тобының құрамына кіретін күмәнді мәміле үшін мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;

      4) күмәнді мәміле бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер;

      5) күмәнді мәмілені жасауға ықтимал себептері немесе бағалы қағазға немесе өзге қаржы құралына нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындарына осы мәміленің әсері келтірілген талдау бөлігі;

      6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;

      7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;

      8) қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының басқарма мүшесінің есепті сараптама комитетіне жіберу туралы бұрыштамасы.

      5. Күмәнді мәміле туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осы мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.".

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 319 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 247 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      уәкілетті органның толық атауы

      ________________________________________________________________________________

      өтініш берушінің толық атауы

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсету)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын. 

      Өтініш беруші туралы мәлімет:

      1. Атауы, орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

      куәліктің нөмірі мен күні, бизнес – сәйкестендіру нөмірі:

      ________________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктік

      сәйкестендіру коды

      ________________________________________________________________________________

      4.Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың

      саны:

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      (күні және қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      уәкілетті органның толық атауы

      ________________________________________________________________________________

      өтініш берушінің толық атауы

      Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияның атауын көрсету керек)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету керек)

      __________________________________________ лицензияны қайта ресімдеуді сұраймыз.

      Өтініш беруші туралы мәлімет________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      1. Атауы, орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі мен күні,

      бизнес – сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктік

      сәйкестендіру коды

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың саны

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      (күні және қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 247 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.