"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
24.08.2017
Өзгерту күні
17.07.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11360 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру", осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес;

      5) "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру", осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес;";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағына әкелу және Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге 3-қосымша (бұдан әрі – Ереже) сәйкес белгіленген нысандағы нотификация екі данада, Ережеге сәйкес толтырылған және ресімделген (бұдан әрі – нотификация);

      *.xls. пішінді жеткізгіштегі (компакт-диск, флэш-жады) нотификацияның электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы Ережеде көрсетілген;

      көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжат (апостиль, консулдық заңдастыру). Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, түпнұсқасына немесе нотариус куәландырған көшірмесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.

      Нотификацияны үшінші елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      электрондық нотификация;

      *.xls. пішіндегі нотификацияның электрондық құжаты. Көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы Ережеде көрсетілген;

      көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжаттың (апостиль, консулдық заңдастыру) электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасының электрондық көшірмесі қоса ұсынылады.

      Нотификацияны үшінші елдің өндіруші-ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы дербес алады.

      Ілеспе хаттың көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 25 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 50нс бұйрығына
1-қосымша
  "Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын қамтитын
тауарлардың (өнімдердің)
сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
Нысан

__________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) __________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты
(болған жағдайда) Өтініш

      Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеуді сұраймын.
      Тауарлардың (өнімдердің) атауы ___________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсету
      ________________________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы ___________________________________
      ________________________________________________________________________________
      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
      Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы ___________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
      Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, факсы, электрондық поштасы, ресми интернет-ресурсы (бар болса)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      _____________________________________________________ құжат(-тар) қоса берiлiп отыр.
      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
      Басшы __________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
      Толтырылған күні 20__ жылғы "___"_________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.