"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 522 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 240 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қаулы
Қабылдау күні
04.10.2017
Өзгерту күні
31.07.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 522 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10213 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жеңілдетілген сәйкестендіруді кәсіби қатысушы мынадай жағдайларда:

      1) инвестициялық портфельді басқарушы пайда алушының атынан іс-қимыл жасайтын брокермен және (немесе) дилермен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартты жасасқан жағдайда инвестор болып табылмайтын пайда алушыға қатысты;

      2) клиенттердің мынадай түрлерімен:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бақылайтын заңды тұлғалармен;

      мемлекеттік мекемелер немесе мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингпен не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалармен;

      екінші деңгейдегі банктермен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен;

      акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдармен;

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдармен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда;

      3) жеке тұлға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14423 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу мақсаттары үшін онымен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда жүргізеді.";

      1-қосымшада:

      Клиент - жеке тұлға досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелерде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, қолжетімді ақпарат көздерінен (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстыру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады. Іскерлік қатынастарды қашықтан тәсілмен орнату жағдайларын қоспағанда, жеке басты сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің дәйектілігін тексеру шеңберінде сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжатта орналастырылған фотосуретті клиентпен (клиенттің өкілімен) көзбен көріп салыстыру жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жеке тұлғамен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу мақсаттары үшін онымен іскерлік қатынастар орнатқан кезде мынадай мәліметтерді тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін тексеруді бағалы қағаздардың орталық депозитарийі КЖ/ТҚҚ туралы заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәліметтердің дәйектілігі қолжетімді дереккөздерінен алынған деректермен салыстыру арқылы тексерілген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері қолжетімді дереккөздерінен алынған мәліметтер бар үзінді-көшірмелер (screenshot) болып табылады.

      6. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін қаржылық мониторинг субъектісі клиенттерді тиісті түрде тексеру жөнінде шаралар қабылданған басқа қаржылық мониторинг субъектілерінен клиент туралы мәліметтер алады және қажет болған кезде растайтын құжаттардың көшірмелерін сұратады.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ақышев Д.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулы ресми жарияланғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 5 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

_____________Б. Сұлтанов
Қазақстан РеспубликасыҰлттық БанкініңТөрағасы__________Д. Ақышев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.