Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
18.01.2018
Өзгерту күні
22.12.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 254 қаулысына қосымша

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сомалар келіп түскен кезде БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ келіп түскен соманы сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құны бойынша айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару бойынша БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша, оның ішінде:

      1) төлемдердің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының сомаларын;

      2) қате есепке жатқызылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының және өсімпұл сомаларын;

      3) әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 (елу) пайызын қайтаруды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есептеу, есептен шығару тәртібін қосқанда, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алу операцияларының тізбесі және жүргізу тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты:

      1) аударылған зейнетақы жинақтары және ерікті зейнетақы жарналарының түсімдері қайтарылмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дан ЕЖЗҚ-ға немесе ЕЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға немесе бір ЕЖЗҚ-дан басқа ЕЖЗҚ-ға аударылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткеннен кейін;

      2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару, зейнетақы жинақтарының түсімдері, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге түсімдер болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң;

      3) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарын қайтару, зейнетақы жинақтарының түсімдері, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге түсімдер болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары төленген күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң;

      4) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында түсімдер және зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен соң;

      5) салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын аудару жүзеге асырылатын ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш келіп түскен күні жабылады.".

      2. "Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8801 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 187 (2388) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарда:

      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) барлық аппараттық құралдарда кепілдік мерзімі (кепілдік талоны) болады және (немесе) мамандандырылған ұйымның техникалық қолдауында болады және (немесе) олар істен шыққан жағдайда аппараттық құралдарды жедел ауыстыру мүмкіндігі болады;".

      3. "Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 31 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9326 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Алушы қорға ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында белгіленген төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын төлем хабарламасын алған бір операциялық күннің ішінде Алушы қорға ауыстырады.".

      4. "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Жөнелтуші қордың iшкi құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;

      2) сәйкестендіру үшін салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаты;

      3) салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы.";

      4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сенім білдірілген тұлға Қағидалардың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға қосымша мыналарды ұсынады:

      1) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттіктер болған жағдайда, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сәйкестендіру үшін сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты.

      5. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, Жөнелтуші қордың iшкi құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер салымшы (алушы) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен Жөнелтуші қордың арасында жасалған шарт шеңберінде өтініш берген салымшының (алушының) белгіленген мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтерді сұратады.

      Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жөнелтуші қор болса, онда жоғарыда көрсетілген мәліметтер орталықтандырылған мүгедектер дерекқорынан сұратылады.

      Егер салымшы (алушы) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төлену фактісін тексереді.

      6. Жөнелтуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:

      1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған;

      2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;

      3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күні салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті беру күні сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған не сенімхаттың Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының оны ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес болмаған;

      5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;

      6) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтері болмаған;

      7) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленуі жиынтығында күнтізбелік 60 (алпыс) айдан кем болған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті қабылдаудың және орындаудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға дәлелді жазбаша жауап ұсынады.

      7. Жөнелтуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып мынадай:

      1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Жөнелтуші қордың дерекқорында көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН сәйкес келмеген;

      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;

      3) салымшының (алушының) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабының 1-тармағы 4) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санатына сәйкес келмеген;

      4) егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;

      5) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болған кезде, Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген салымшының (алушының) немесе алушының зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішінде көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшының (алушының) келісімі болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстырады.".

      5. "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11974 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шартты жасасу - БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ қызметкерлері ерікті зейнетақы жарналарын тарту үшін жүзеге асыратын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді, БЖЗҚ және ЕЖЗҚ және (немесе) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басқа да субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде жарнамалық сипаттағы ақпаратты таратуды, Шартты дайындау және қол қою бойынша:

      салымшының (алушының) пайдасына - бір жағынан ЕЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ өкілі арасындағы және екінші жағынан салымшы (алушы) арасындағы;

      алушының пайдасына - нәтижесі бойынша Шартты тіркеу жүргізілетін, бір жағынан ЕЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ өкілі арасындағы, екінші жағынан салушы және үшінші жағынан алушы арасындағы іс-қимылдарды қамтитын іс-шаралар.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шартты өзінің пайдасына жасау салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға немесе ЕЖЗҚ-ға, оның ішінде БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жеке өтініш берген кезде жасалады.

      Шартты үшінші тұлғаның пайдасына жасау салымшы және алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат негізінде кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі БЖЗҚ-ға немесе ЕЖЗҚ-ға жеке өтініш берген кезде жасалады.

      Жеке тұлғаның еріктізейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЖЗҚ-да немесе ЕЖЗҚ-да ашылған дербес зейнетақы шоты болған жағдайда ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған дербес зейнетақы шотын қайталап ашу жүзеге асырылмайды.";

      2-қосымша осы Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Зейнетақымен қамсыздандыру
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына
2-қосымша
  1-нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ______________ қаласы                  20_ жылғы "____" _________ № _____

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы

      _________________________________________________________________________

                              (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, _______________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын ________________________________________________

      __________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір жағынан, және жеке тұлға _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ____________________,

      (кім)                         (берген күні)                   (сериясы, нөмірі)

      ___________________ жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Салымшы (Алушы)"

      деп аталады, екінші жағынан, осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер жайында жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы (Алушы) Шартқа сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Салымшыға (Алушыға) № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын және оған жасалған зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Салымшыға (Алушыға) оның сұратуы бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнге ақы алмай-ақ, оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жарналары туралы ақпаратқа рұқсат берудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Шартты жасасу кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      7) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

      8) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару қызметі мәселелері бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

      9) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 34-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      10) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;

      11) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      12) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға (Алушыға) қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      13) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шекте жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге;

      14) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Салымшының (Алушының) мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      15) Қордың міндеттемелерін орындауға ықпал ететін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бұл өзгерістерді растайтын құжаттардың негізінде тиісті өзгерістерді енгізуге;

      16) Салымшы (Алушы) елу жасқа толған жағдайда не Салымшы (Алушы) мүгедек болып табылған жағдайда, не Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын Шартта белгіленген тәртіпте төлеуді жүзеге асыруға;

      17) Салымшыға (Алушыға) комиссиялық сыйақының шамасын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі 1 (бір) айдан кешіктірмей, қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) баспасөз басылымында жария ету арқылы хабарлауға міндетті.

      3. Қор:

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

      2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте сотта Салымшының (Алушының) мүддесін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Салымшы (Алушы) Қордың міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      5. Салымшы (Алушы) ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу мөлшерi мен кезеңдiлігiн дербес айқындайды.

      6. Салымшы (Алушы):

      1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;

      4) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес құқық туындаған кезде Шартта белгіленген тәртіпте Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

      6) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мұраға қалдыруға;

      7) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      7. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 5-тармағына сәйкес белгілеген мөлшерде және кезеңділікпен енгізіледі.

      8. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Қордың зейнетақы қағидаларында айқындалады.

      9. Зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      10. Қор Салымшыға (Алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының және зейнетақы активтерінің шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      11. Егер Салымшының (Алушының) сұратуында өзгеше көрсетілмесе, Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша ол сұратқан кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 10-тармағында аталған, сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      12. Қор Салымшыны (Алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлауды оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні ақысыз жүргізеді.

      13. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша хабарлау байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшы (Алушы) жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      14. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

      15. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтары аударымын кешіктірген жағдайда, Қор Салымшының (Алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтарының сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      16. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      17. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтары аударымы (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      18. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      19. Егер еңсерілмейтін күш салдарынан тиісінше орындауға мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      20. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      21. Қор Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Шарттың 20-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      22. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      23. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында ақша болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмауы талабымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      24. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      25. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      26. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес қарайды.

      27. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      28. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалады.

10. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері мен қолдары

ҚОР _________________________________
(Қордың атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________
банк деректемелері
_________________________________
Қордың (оның филиалының немесе Шартты жасасу орны болып табылатын өзге бөлімшесінің) заңды мекенжайы, телефон нөмірі, факсы,
e-mail)
_________________________________
Қор өкілінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
мөр орны (бар болса)

САЛЫМШЫ (АЛУШЫ)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі,
e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
__________________________________
Салымшының (Алушының) қолы

  2-нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ______________ қаласы                  20_ жылғы "____" _________ № _____

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы

      __________________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын ________________________________________________

      ___________________________________________________________________ арқылы

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір жағынан, және заңды тұлға (немесе жеке тұлға) ______________________________

      __________________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері - заңды тұлға үшін,

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      __________________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген _______________________,

      (кім) (берген күні)                         (сериясы, нөмірі) - жеке тұлға үшін)

      бұдан әрі "Салымшы" деп аталады, __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның өкілі _______________________________

      ___________________________________________________________________ арқылы

                        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      екінші жағынан, және жеке тұлға ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      __________________________________________________________________________

      туған күні және тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген _______________________,

      (кім)                   (берген күні)                         (сериясы, нөмірі)

      ________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Алушы" деп аталады, үшінші жағынан, үшінші тұлғаның пайдасына осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер жайында жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы Шартқа сәйкес Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Алушыға № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Алушының зейнетақы жинақтарын және оған жасалған зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Алушының зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Алушыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жарналары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Салымшыға Алушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі болған жағдайда Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруге;

      7) Шартты жасасу кезінде Салымшыны және Алушыны Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      8) Алушының сұратуы бойынша Алушының мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

      9) Алушының сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша оған өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;

      10) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 34-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      11) Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      12) Алушының өтініші бойынша Алушының зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      13) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға және Алушыға қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      14) Алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шекте жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге;

      15) Алушы қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      16) Қордың міндеттемелерін орындауға ықпал ететін Алушының деректемелері өзгерген жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бұл өзгерістерді растайтын құжаттардың негізінде тиісті өзгерістерді енгізуге;

      17) Алушы елу жасқа толған жағдайда не Алушы мүгедек болып табылған жағдайда, не Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын Шартта белгіленген тәртіпте төлеуді жүзеге асыруға;

      18) Салымшыға және Алушыға комиссиялық сыйақының шамасын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі 1 (бір) айдан кешіктірмей, қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) баспасөз басылымында жария ету арқылы хабарлауға міндетті.

      3. Қор:

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

      2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте сотта Салымшының және Алушының мүддесін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес Салымшының және Алушының құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Салымшы ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу мөлшерi мен кезеңдiлігiн дербес айқындайды.

      5. Алушы Қордың міндеттемелерін орындалуына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      6. Салымшы:

      1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;

      4) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес құқық туындаған кезде Шартта белгіленген тәртіпте Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

      6) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мұраға қалдыруға;

      7) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

      7. Салымшы:

      1) Алушының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімінің негізінде оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

      2) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      8. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 4-тармағына сәйкес белгілеген мөлшерде және кезеңділікпен енгізіледі.

      9. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Қордың зейнетақы қағидаларымен айқындалады.

      10. Зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      11. Қор Алушыға ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының және зейнетақы активтерінің шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      12. Егер Алушының сұрау салуында өзгеше көрсетілмесе, Алушының сұрау салуы бойынша ол сұрау салған кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 11-тармағында аталған, сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      13. Қор Алушыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлауды оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні ақысыз жүргізеді.

      14. Алушының өтініші бойынша хабарлау байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Алушы жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      15. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

      16. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтары аударымын кешіктірген жағдайда, Қор Алушының пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтарының сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      17. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      18. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтарын аударымы (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      19. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      20. Егер еңсерілмейтін күш салдарынан тиісінше орындауға мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      21. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      22. Қор Салымшының немесе Алушының сұрау салуы бойынша Шарттың 21-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      23. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      24. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Алушының жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмаған жағдайда зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Алушының жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмаған жағдайда зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      25. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      26. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      27. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес қарайды.

      28. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      29. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі данадан жасалады.

10. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары

ҚОР
______________________
(Қордың атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
______________________
банк деректемелері
______________________
Қордың (оның филиалының
немесе Шартты жасасу
орны болып табылатын өзге
бөлімшесінің) заңды мекенжайы,
телефон нөмірі, факсы, e-mail)
____________________________
(Қор өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), қолы)
мөр орны (бар болса)

САЛЫМШЫ
________________________________
(заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________
банк деректемелері ________________________________
орналасқан жері, телефон нөмірі, факс, e-mail)
________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі,
e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
________________________________
Салымшының қолы
мөр орны (бар болса - заңды тұлға үшін)

АЛУШЫ
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі,
e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
________________________________
Алушының қолы



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.