Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы

Актінің түрі
Тәртіп
Шешім
Қабылдау күні
12.04.2017
Өзгерту күні
06.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңның 29-бабы 6-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Төмендегі Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:

      1) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекеттік қамтамасыз етілетін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне қарамастан беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы психологикалық-медициналық-педогогикалық консультация қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады. Төлем өткен айға жүргізіледі және шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      3) өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады;

      4) шығындарды өтеу оқу жылы ішінде тоқсан сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 360/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-1. Шығындарды өтеу әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылатын "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына Астана қаласының бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Шешім 1-1-тармақпен толыұтырылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 360/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Жүнісов
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.