Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
24.10.2017
Өзгерту күні
14.06.2018
Актіні қабылдаған орган
Ақмола облысының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ә.Баймағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Ақмола
облысының ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е.Сәденов

      2017 жылы "29" 09

      "Ақмола облысының жұмыспен
қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Д.Ахмеджанова

      2017 жылғы "29" 09

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 6С-15-3 шешімімен
бекітілді

Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеудің тәртібін айқындайды.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғым:

      оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 6С-21-8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      4. Ақмола облысында көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ақмола облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      5. Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      оралмандарды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      оралмандарды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квотасын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Оралмандарды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, оралмандарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

      8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Ақмола облысында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.