Сот шешімімен Есіл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қағида
Қабылдау күні
13.12.2017
Өзгерту күні
21.11.2017
Актіні қабылдаған орган
Есіл ауданының (Ақмола облысы) мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Есіл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Ахметов
      Аудандық
мәслихат хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      21 қараша 2017 жыл

  Есіл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 20/3 шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Есіл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Есіл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Есіл ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды Есіл ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.