Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Актінің түрі
Тәртіп
Шешім
Қабылдау күні
11.01.2018
Өзгерту күні
25.12.2017
Актіні қабылдаған орган
Сандықтау ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданы әкімі А.Исмағамбетов

      25 желтоқсан 2017 жыл

  Сандықтау аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 17/8 шешімімен
бекітілген

Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Сандықтау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сандықтау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Сандықтау аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 17/8 шешімімен
бекітілген

Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

р/с №

Сандықтау ауданының елді мекеннің атауы

Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)


Балкашин ауылдық округі


1

Балкашино ауылы

24

2

Петровка ауылы

3

3

Хуторок ауылы

3


Барақпай ауылдық округі


4

Барақпай ауылы

3

5

Хлебное ауылы

1

6

Чашке ауылы

1


Белгород ауылдык округі


7

Белгородское ауылы

5

8

Преображенка ауылы

2

9

Раздольное ауылы

3


Бірлік ауылдық округі


10

Красная Поляна ауылы

8

11

Петриковка ауылы

2

12

Арбузинка ауылы

5


Васильев ауылдық округі


13

Васильевка ауылы

7

14

Тучное ауылы

1

15

Ұлан ауылы

3


Веселов ауылдық округі


16

Веселое ауылы

3

17

Жыланды ауылы

2

18

Новоселовка ауылы

1


Жамбыл ауылдық округі


19

Приозерное ауылы

6

20

Қызыл Қазақстан ауылы

2


Каменск ауылдық округі


21

Каменка ауылы

11

22

Богословка ауылы

1


Лесной ауылдық округі


23

Лесное ауылы

3

24

Граниковка ауылы

1

25

Бастрымовка ауылы

1

26

Речное ауылы

1

27

Михайловка ауылы

1


Максимов ауылдық округі


28

Максимовка ауылы

10

29

Владимировка ауылы

2

30

Новый городок ауылы

1

31

Спасское ауылы

3


Мәдениет ауылы


32

Мәдениет ауылы

9


Новоникольск ауылдық округі


33

Новоникольское ауылы

2

34

Кұмдыкөл ауылы

1

35

Смольное ауылы

1

36

Мысок ауылы

5

37

Меньшиковка ауылы

1


Сандықтау ауылдық округі


38

Сандықтау ауылы

11

39

Новоромановка ауылы

2


Широков ауылдық округі


40

Богородка ауылы

7

41

Дорогинка ауылы

3


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.