"Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №33/08 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
10.07.2017
Өзгерту күні
29.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды қаласының әкімдігі

       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 "Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 тамызда "Индустриальная Караганда" № 152-153 (21673-21674) және "Орталық Қазақстан" № 165-166 (21770) газеттерінде, 2014 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Т. Канаеваға, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Т.Н. Шатохинаға және Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.С. Канаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласы
әкімінің міндетін атқарушы
А. Молдабаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.