Ақбастау ауылындағы көшелердің атауын қайта атау туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
05.06.2017
Өзгерту күні
16.05.2017
Актіні қабылдаған орган
Ақбастау ауылдық округінің әкімі
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 және 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылындағы көшелер келесідей:
      1) Садовая көшесін Бәйтерек көшесіне;
      2) Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
      3) Балхашская көшесін Сарыарқа көшесіне;
      4) Ленина және Центральная көшелері біріктіріліп Тәуелсіздік көшесіне;
      5) Карл Маркс көшесін Бірлік көшесіне;
      6) Калинино көшесін Ақниет көшесіне;
      7) Дзержинская көшесін Өрлеу көшесіне;
      8) Чкалова көшесін Даму көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б.М. Оразбеков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.