"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
23.08.2017
Өзгерту күні
31.07.2017
Актіні қабылдаған орган
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3923 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 57 (17146) "Дидар" және 2015 жылғы 21 мамырдағы № 58 (19657) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.