"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 194 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
22.12.2017
Өзгерту күні
05.12.2017
Актіні қабылдаған орган
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4129, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Дидар" 2015 жылғы 18 қыркүйектегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты", "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберілуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау құрылыс, энергетика және тұрғын-үй қоммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстаноблысының әкімі Д. Ахметов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.