"Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
21.07.2017
Өзгерту күні
27.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Бесқарағай ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3442 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 23 тамыздағы № 68 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі -уәкілетті ұйым)- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;".

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2.Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.".

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.".

      6-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;";

      10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;";

      11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген;".

      8 - тармақ 8-1 - тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "8-1. Ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға (жолы және қосымша тамақтану) айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Бесқарағай аудандық әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      10-тармақ 10-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "10-1. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша, алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.".

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:".

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.".

      21-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. ХАМИТОВА
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ.САДЫҚОВ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.