Күшін жойған

"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
21.07.2017
Өзгерту күні
17.10.2018
Актіні қабылдаған орган
Бесқарағай ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 17.10.2018 № 29/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18- бабының 5- тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3520 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2014 жылғы 22 қарашада № 94 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақта:

      үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 12500 (он екі мың бес жүз) теңге мөлшерінде берілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. ХАМИТОВА
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. САДЫҚОВ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.