Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
16.02.2018
Өзгерту күні
01.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 438-бабының 2) тармақшасына және 461-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында жеке тұлғалар импортталатын тауарларға жатқызу мынадай:

      күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен асатын сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру өлшемшарты бекітілсін.

      2. "Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 717 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12746 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.