"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
16.03.2018
Өзгерту күні
12.01.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет стандартында мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет", www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:";

      6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбіден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

      Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы алдын-ала кезек алуға болады;

      2) порталда – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (қызмет көрсетуді алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;

      тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер нысаны;

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаты.

      Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжат;

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта рәсімдеуге көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхат;

      2) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;

      "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер нысаны;

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметті алушылар үшін қосымша:

      көрсетiлетiн қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың элетрондық көшірмесі.

      Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;

      "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетiлетiн қызметті беруші жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін алып, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде (немесе сенімді өкілі: құжат бойынша өкілеттілік берілген заңды тұлға; нотариалды рәсімделген куәлігі бойынша жеке тұлға) береді.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қызмет алушының "жеке кабинетіне" өтініш қабылдау туралы мәлімет хабарлама жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт
      министрінің міндетін атқарушы С. Мұсайбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 18 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрінің м.а.

      _____________ Р. Даленов

      2018 жылғы 27 ақпан

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.