"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Нормативтік қаулы
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
26.04.2018
Өзгерту күні
09.04.2018
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 3-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезіндегі өзара іс-қимылы";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тізбе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің атауын (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері), аудиттің типі мен тексерудің түрін, аудиторлық іс-шараның атауын, мемлекеттік аудитті жүзеге асырудың мерзімдерін және қажет болған жағдайда жылдар бойынша бөле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің жоспарлаған сомалар бойынша болжамын және мемлекеттік аудит органдарының функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, аудиторлық іс-шараның басқа да параметрлерін қамтиды. Аудиторлық іс-шараның қысқаша атауын көрсетуге жол беріледі.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Заңның 18-бабында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізген жағдайда жоспардан тыс аудит жүргізу басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектілерін және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды қайталауды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылдау мақсатында осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге негіз болған құжаттарды тіркей отырып, Есеп комитетіне жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарлама жібереді.

      Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының тізбесі мен нақтыланған тізбесінде бекітілген мемлекеттік аудит объектілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша Уәкілетті органның жоспардан тыс аудит жүргізуі тек Заңның 18-бабында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      10. Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттік бағдарламаларды пайдалануы мәніне оларға талдау жүргізу үшін, Есеп комитеті және Уәкілетті орган тізбелерінің және нақтыланған тізбелерінің түпкілікті жобаларын Есеп комитеті жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей тексеру комиссияларына жібереді.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, бекітілген тізбелермен және нақтыланған тізбелермен алмасу оларды бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Есеп комитетінің тізбесі мен нақтыланған тізбесі өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеру комиссияларына жіберіледі.

      Есеп комитеті Уәкілетті органның тізбесі мен нақтыланған тізбесін енгізілген өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге Уәкілетті орган оларды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тексеру комиссияларына жібереді.

      16. Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің тексеру комиссиялары және Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейінгі мерзімде, тізбелердің және нақтыланған тізбелердің жобаларымен алмасады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тексеру комиссиялары және Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін тізбелер мен нақтыланған тізбелердің жобаларын кейінгісінен мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджеттік бағдарламалардың қайталануын алып тастау не оларды алмастыру бөлігінде талқылау жүргізеді. Тексеру комиссиясында өткізілетін талқылаудың қорытындысы бойынша келісу хаттамасы жасалады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тексеру комиссиялары Заңның 18-бабына сәйкес тізбеге және нақтыланған тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтыруларды осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып, тиісті өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін хабардар ету арқылы енгізеді.

      22. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Заңның 18-бабында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізген жағдайда жоспардан тыс аудит жүргізу басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектілерін және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды қайталауды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылдау мақсатында осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге негіз болған тиісті құжаттарды тіркей отырып, тиісті тексеру комиссиясына жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарлама жібереді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік аудит органдары жүргізетін қатар тексерулер";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қатар тексеруді жүргізуге қатысатын мемлекеттік аудит органдары қатар тексерудің бастамашысынан алынған мемлекеттік аудит мәселелерінің, объектілерінің тізбесі туралы ақпараттың негізінде қатар тексеру жүргізудің жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді, бұл ретте тексерудің қосымша мәселелерін қоса отырып, негізгі тексерілетін мәселелердің тізбесін кеңейтуге жол беріледі. Аудит жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары бойынша сапа бақылауы жүргізіледі. Тексерудің жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары аудиторлық іс-шара басталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген сапа бақылауы ескеріле отырып (сыртқы мемлекеттік аудит органдарымен), бастамасы бойынша қатар тексеру жүргізілетін мемлекеттік аудит органына келісу үшін жіберіледі.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жүргізілген қатар тексерудің нәтижелері бойынша Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатар тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері жеке-жеке аудиторлық қорытындылар жасайды. Қажеттілігіне қарай, Есеп комитетінің аудиторлық қорытындысына талдау үшін тексеру комиссиялары жүргізген қатар тексерудің нәтижелері енгізілуі мүмкін.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қатар тексерудің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындыларды дайындау сапа бақылауының сараптамалық қорытындысын, аудиторлық есептерді және жергілікті жерге барып аудиторлық іс-шараны қайта тексеру (ол жүргізілген жағдайда) нәтижелерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, 15 және одан көп мемлекеттік аудит объектілері қамтылған жағдайда, тексеру аяқталғаннан кейін немесе мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарына (егер олар болған жағдайда) уәжді жауап жіберілген кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тексеру комиссиялары Есеп комитетімен, Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерімен бірге жүргізілген қатар тексерудің қорытындылары бойынша, Есеп комитетіне ұсынылатын тоқсан сайынғы есепке, мәслихаттарға ұсынылатын тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке енгізу үшін талдамалық ақпарат дайындайды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірлескен тексерулері";

      62,63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Бірлескен тексеру бағдарламасында оны жүргізудің негізі, мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, аудит мақсаты, аудит типі мен тексеру түрі, тексерумен қамтылатын қаражат көлемі, тексерудің кезеңі мен мерзімдері, бірлескен тексеруді жүргізу үшін қажетті ресурстар көрсетіледі.

      Бірлескен тексеру бағдарламасында бірлескен тексеру жоспарына сілтеме, бірлескен тексеру тобының құрамы мен оның басшысы, мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, тексерудің мәні, аудит типі мен тексеру түрі, тексерумен қамтылатын кезең, тексеру жүргізу мерзімдері, тексерумен қамтылатын қаражат көлемі, тексеру мәселелері және оларды қараудың бірізділігі, тексерудің ақпараттық және әдіснамалық қамтамасыз етілуі көрсетіледі.

      Бірлескен тексерудің аудит жоспарлары мен бағдарламаларының жобасы бойынша сапа бақылауы жүргізіледі.

      63. Бірлескен тексерудің жоспарына Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері қол қояды, әрі оны Есеп комитетінің және Тексеру комиссияларының төрағалары бекітеді, бірлескен тексерудің бағдарламасына Есеп комитетінің және Тексеру комиссияларының бірлескен тексеру жүргізуге жауапты аудит тобының басшылары (келісудің ішкі рәсімдерінен өткеннен кейін) қол қояды, оны Есеп комитетінің және Тексеру комиссияларының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері бірлескен тексеру басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын бекітеді.

      64. Бірлескен тексеру жүргізу үшін Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының өкілдерінен ортақ бірлескен тексеру тобы немесе әрбір тараптан жеке-жеке тексеру тобы құрылады, оның қатысушыларын аудит объектілері және бюджет деңгейлері бойынша бөлуді тексеру комиссияларының тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелерінің келісімі бойынша Есеп комитетінің бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесінің басшылығы жүзеге асырады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтарды Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері тексеруді жүзеге асырған қызметкерлермен бірлесіп қарайды. Мемлекеттік аудит объектісіне жауапты өз мекенжайына жазбаша қарсылықтар келіп түскен сыртқы мемлекеттік аудит органы он жұмыс күні ішінде жібереді.";

      73 және 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Бірлескен тексерудің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындының жобасын дайындау мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарына (егер олар болған жағдайда) берілген уәжді жауап ескеріліп, ішкі келісуден өткеннен кейін тексеру тобының қатысушылары тартыла отырып, бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты Есеп комитеті мүшесінің басшылығымен және тексеру комиссиялары мүшелерінің қатысуымен он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      74. Аудиторлық қорытындыға Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері қол қойып, Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының бірлескен отырысының қарауына шығарылады. Аудиторлық қорытындыға Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшелері қол қойғаннан кейін тексеру тобының қатысушыларымен бірлесіп, анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, сондай-ақ бірлескен тексерудің қорытындылары туралы қаулы жобасы жасалады.";

      81 және 82-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Есеп комитеті және тексеру комиссиялары жүргізген бірлескен тексерудің қорытындылары бойынша қаулы мен нұсқаманың орындалуын бақылауды Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының бірлескен тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты мүшелері өз құзыреттеріне сәйкес жүзеге асырады.

      82. Есеп комитеті және тексеру комиссиясы жүргізген бірлескен тексерудің қорытындылары бойынша қаулы мен нұсқама тармақтарының іске асырылуы туралы ақпарат алмасу тиісті қаулыларда белгіленген орындау мерзімі өткен соң жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдардың және Есеп комитетінің нұсқамалары (қаулылары) тармақтарының орындалуына жүргізілген сапа бақылауының қорытындылары бойынша тексеру комиссиясы ұсынған ақпараттың сапасына Есеп комитетінің ескертулері болған жағдайда, Есеп комитеті сапа бақылауын жүргізуді аяқтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны тексеру комиссиясына пысықтауға жібереді.

      Есеп комитетінің ескертулері болмаған жағдайда, тексеру комиссиясының ақпараты назарға алынады және бірлескен тексерудің қаулысы мен нұсқамасының тиісті тармақтары орындалған болып есептеледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша өзара іс-қимылы";

      89 және 90 мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Тексеру комиссиялары есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Тізілімдерді Есеп комитетіне жібереді.

      90. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Тізілімдерді Уәкілетті органға жібереді.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының жұмыс көрсеткіштері туралы ақпаратты қалыптастыру кезіндегі мемлекеттік аудит органдарының өзара іс-қимылы";

      1-қосымша осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2-қосымша осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
________________Н. Годунова
Республикалық бюджеттіңатқарылуын бақылау жөніндегіесеп комитетінің Төрайымы

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 11-НҚ және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 448
бірлескен нормативтік қаулысы
мен бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
 
  "Бекітемін"
Мемлекеттік аудит органының бірінші
басшысының, не оны алмастырушы
адамның лауазымы
  ______________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
  жағдайда) (қолы)
  20___ жылғы "__" ___________

Мемлекеттік аудит объектілерінің ___ жылға арналған нақтыланған тізбесі

Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы

Аудит типі

Тексеру түрі

Аудиторлық іс-шараның атауы*

Мемлекеттік аудит объектілерін аудитпен қамтудың болжамды кезеңі

Бюджет деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының, активтердің сомалары бойынша болжам (млн. теңге)
(өзгерген жағдайда түзетуге жатпайды)

Аудиторлық іс-шараға қатысатын басқа да мемлекеттік аудит органдары

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарламаның нөмірі

Бюджеттік бағдарламаның/ активтердің атауы

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

барлығы

8

9

10

11

12

13

14

15

      Ескертпе:

      * аудиторлық іс-шараның қысқаша атауын көрсетуге жол беріледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 11-НҚ
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 448
бірлескен нормативтік қаулысы мен
бұйрығына 2-қосымша
  Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына
1-1-қосымша
 
  нысан

Жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарлама

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы

Жоспардан тыс аудит жүргізу үшін негіз

Мемлекеттік аудиттің типі

Аудиторлық іс-шараның мәселесі

Қамту кезеңі

Бюджеттік бағдарлама коды (кіші бағдарлама) (РБ, ЖБ)

Қамту сомасы
(мың теңгеде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 11-НҚ
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 448
бірлескен нормативтік қаулысы мен
бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына
2-қосымша
нысан
  "Бекітемін"
Мемлекеттік аудит органының
бірінші басшысының, не оны
алмастырушы адамның лауазымы
  _______________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
20 ___ жылғы "__" ___________

Аудиторлық іс-шаралармен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджеттік бағдарламалардың ______ жылға арналған тізілімі

Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы

Аудит типі

Тексеру түрі

Аудит жүргізу үшін негіз

Аудиторлық іс-шараның атауы*

Мемлекеттік аудит объектілерін аудитпен қамтудың болжамды кезеңі

Бюджет деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының, активтердің сомалары бойынша болжам (млн.теңге) (өзгерген жағдайда түзетуге жатпайды)

Аудиторлық іс-шараға қатысатын басқа да мемлекеттік аудит органдары

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарламаның нөмірі

Бюджеттік бағдарламаның/ активтердің атауы

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

барлығы

9

10

11

12

13

14

15

16

      Ескертпе:

      * аудиторлық іс-шараның қысқаша атауын көрсетуге жол беріледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.