Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
08.11.2018
Өзгерту күні
28.09.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (ҚР Президентінің 26.12.2018 ж. N 806 Жарлығымен қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасының Индустрия жYне инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылды)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9860 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастау;";

      22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс:

      әлеуетті тасымалдаушылар үшін – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      шарттық міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде жолаушылар вагондары паркін жаңартуға байланысты осы әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша субсидиялау туралы шартпен бұзған тасымалдаушы үшін және оның еншілес ұйымдарына жолаушылар вагондарының пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендер өткізген жағдайда осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;";

      39-тармақтағы бірінші бөлімде мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тасымалдаушылардың тендерлік өтінімдерін және осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарды қарастыру кезінде, қажет болған жағдайда комиссия тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, оның ішінде осы Қағидалардың 42-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген фактілерді алып тастау мақсатында, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратады.";

      42-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ұсынған тендерлік өтінімде жалған мәліметтерді беру, оның ішінде жалға алу шарттарының мерзіміне өтіп кетуін және вагондарды жалға алушы ауысқанды ескермегенде теміржол жолаушылар паркінің вагондарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әлеуетті тасымалдаушы ұсынған вагондардың басқа маршруттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты, тасымалдаушылардың шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялауға бұрын жасалған қолданыстағы шарттарда болу фактісі анықталса, тендерлік өтінімді қайтарады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Екі немесе одан да көп қатысушы бірдей сомалық бал жинаса, тасымалдаушыға мынадай басымдылық беріледі:

      1) Қағидалардың 30-тармағына сәйкес ең көп жаңартылатын (жаңа) вагондардың саны;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы вагондарын пайдаланудың ең аз мерзімі;

      3) тасымалдаушыда әрбір құрамға отырғызу және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары және мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен вагондардың едәуір көп саны бар;

      4) вагондардың көп бөлігі тасымалдаушының меншігіне жатады;

      5) осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген бағаның (тарифтің) шекті деңгейі шеңберінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы орындалатындығына сәйкес қызмет көрсетудің алғашқы үш жылында жүріп тұруға бағаларды жоғарылатудың орташа деңгейін ұсынған тасымалдаушы;

      6) тасымалдаушының Қазақстан Республикасы аумағында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда тәжірибесі көп.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Тендердің жеңімпазымен субсидиялау туралы шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда жаңа тасымалдаушыны анықтағанға дейін қазіргі жолаушылар тасымалдаушыларымен конкурсты өткізу кезеңінде субсидиялау туралы уақытша шарт тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде жасалады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Субсидиялау туралы шарттың заңнамасына сәйкес бұзылған немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастаған жағдайда уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындай алады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Жаңа тасымалдаушыны анықтағанға дейін субсидиялау туралы уақытша шарт тиісті жылға бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде қазіргі жолаушылар тасымалдаушыларымен конкурсты өткізу кезеңінде жасалады.";

      65-тармақтағы екінші бөлімде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Вагондарды сатып алуға кредиттік қаражатты қайтару немесе қаржылық лизингті төлеу бойынша міндеттемелер болған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелерді орындаудың негізгі шарттарын (бұдан әрі – міндеттемелерді сатып алуға негізгі шарттары) әзірлеп, оларды және конкурстық құжаттаманы тасымалдаушыға осы кредиттік қаражатты берген немесе шартты бұзған тасымалдаушының алдындағы лизинг беруші болып табылатын қаржы институтымен (бұдан әрі – қаржы институты) келіседі.";

      2) "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14276 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тапсырыс беруші:

      1) аудио-бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып, сәйкестік нысанасында тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды:

      осы Шарттың 6-1-тарауына сәйкес осы Шартқа және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне;

      "Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкестігіне жүргізуге;

      2) Орындаушының тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарында "Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартын сақтау нысанасына тапсырыс берушінің атына келіп түскен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде орналастырылған шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізуге және олар расталған жағдайда осы Шартқа 8-қосымшаға немесе осы Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шаралар қабылдауға;

      3) осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға, егер:

      Орындаушы күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін, дамудың негізгі талаптарын, бағаларды (тарифтерді) көтерудің негізгі талаптарын, тасымалдаудың негізгі талаптарын және/немесе осы Шарттың 7-тармағының 6) және 10) тармақшаларын орындамаған жағдайда;

      жыл бойы жүргізілген зерттеп-қараудың қорытындылары бойынша "Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына 30 және одан да көп сәйкессіздіктер қайталанып анықталғанда;

      осы Шарттың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша тиісті жыл ішінде поезд бойынша 10-нан астам сәйкессіздіктер анықталған жағдайда құқылы.";

      26-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-3. Осы Шартқа сәйкестікке зерттеп-қарауды (бұдан әрі – зерттеп-қарау) Комиссия мүшелері жолаушыларды отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының, жолаушылар тасымалдарын дамытудың негізгі талаптарының, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарының және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттың өзектілігінің орындалуын айқындау жолымен жүргізеді.";

      26-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-6. Зерттеп-қарау жолаушылар поездарының барлық құрамы бойынша қалыптастыру/айналым пункттерінде, станцияларда және жүру жолында жүргізіледі. Зерттеп-қаралатын жолаушылар поездары құрамдарының саны Тапсырыс беруші зерттеп-қарауды жүргізу мерзімдерін ескере отырып дербес айқындайды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіпте өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін, атап айтқанда тараптардың қосымша келісімі бойынша осы Шарттың 1-7 қосымшаларында көрсетілген талаптарды, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгерту, жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік беретін вагондардың типін, техникалық сипаттамаларын және шығарылған жылын жақсарту бойынша қайта қарауға жол беріледі.

      Егер Шартта 2 және одан да көп әлеуметтік маңызы бар маршрут (-тар) көрсетілсе, Тапсырыс беруші міндеттемелері орындалмаған тиісті маршрутты Шарттан алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізеді, бұл тиісті маршрут бойынша Шартты бұзумен теңбе-тең.";

      8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 681 бұйрығына
1-қосымша
  20 __ жылғы __ ________ №____
Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
шартына
8-қосымша

Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушінің ұстауға жататын тұрақсыздық айыппұлдары

Тұрақсыздық айыппұлының туындауының негіздері

Тұрақсыздық айыппұлының көлемі

1.

Орындаушының белгіленген мерзімде Шарттың 9-тармағының барлық талаптарын орындамауы

Әрбір мерзімінен өткен күн үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1 % көлемінде

2.

Орындаушының төлем бойынша қаржыландыру жоспарын орындамауы

Әрбір мерзімінен өткен ай үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1 % көлемінде

Орындаушының Шарт бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидиялардың қайтарудың талаптары

Қайтару туындауының негіздері

Қайтару көлемі

1.

Тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген вагон айналымы көлемі және қатынау жиілігі бөлігінде Шарт талаптарын орындамауы

жыл қорытындысы бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал

2.

Поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген төмендемейтін айлық вагон айналамының көлемі бөлігінде Орындаушының Шарт талаптарын орындамауы

есептік айдың қорытындысы бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал

3.

Орындаушының әрбір жылдың қорытындысы бойынша поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар айналымы бөлігінде тиісті жылға вагон айналамы көлемін орындау шарты кезінде 3% артық Шарт талаптарын орындамауы

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%

4.

Орындаушының әрбір тоқсанның резервтік қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарды, келесі жағдайлардан орындамауы:
1) 2 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 10 вагонға дейін;
2) 4 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 20 вагонға дейін;
3) 6 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 30 вагонға дейін;
4) 8 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 40 вагонға дейін;
5) 10 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 50 вагонға дейін;
6) 12 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 60 вагонға дейін;
7) 14 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 70 вагонға дейін;
8) 16 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 80 вагонға дейін;
9) 18 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 90 вагонға дейін;
10) 20 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 100 вагонға дейін;
11) 22 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 100 вагонға дейін;.

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%
Бұл ретте, есептеу мынадай формуламен айқындалады:


мұндағы: N s – жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарына сәйкес келмейтін вагондардың саны;
N v– Шарт жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес вагондардың жалпы саны;
N 1,2,3,4... қатынаудың тиісті мерзімділігіне әр құрам бойынша жолаушылар вагондарына негізгі шарттарына сәйкес келетін вагондардың саны;
у – қатынау күндерінің саны;

5.

Орындаушымен өткізген зерттеп қараудың қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарына негізгі жағдайларды орындамау

Техникалық параметрлер бойынша ұқсас жылы шығарылуы бойынша жаңа вагонға (-дарға) ауыстыруды есепке алмағанда, нақты вагонның (-дардың) нақты сәйкес еместігіне субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%;
ауаны баптау жүйесіндегі және мүгедек арбаларымен жүретін адамдарды отырғызу және түсіруге арналған көтергіш құрылғыларындағы ақаулықтарды қоса алғанда техникалық параметрлердің сәйкес келмеуі фактілерінің әрқайсысы субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,1%

6.

Есептерді ұсыну қорытындысы бойынша дамудың негізгі талаптарындағы әрбір тармақ бойынша іс-шараларды орындамауы, онда көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, күнтізбелік 30 күн ішінде әр тармақ бойынша орындалуы

Әр пунктқа субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,1% және
1. Теміржол жолаушылар паркі вагондарының жаңаруы бабының 1,2 тармақтары бойынша 5%

7.

Орындаушының айына тиісті маршрут бойынша, сондай-ақ зерттеп-қарау жүргізу қорытындысы бойынша отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарына сәйкес орындамауы

Әрбір станция үшін субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,1%

8.

Зерттеп-қарауды жүргізу қорытындысы бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне қойылатын талаптарын орындамаған фактісін(лерін) анықтау

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,1%

9.

Мемлекеттік көліктік бақылау органдары тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарда билетсіз тіркелмеген адамдарды (бұдан әрі - адам) тасымалдау фактісін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) Жолаушылар поездарында 10 адамға дейін – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) Жолаушылар поездарында 20 адамға дейін – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) Жолаушылар поездарында 30 адамға дейін – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) Жолаушылар поездарында 40 адамға дейін – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) Жолаушылар поездарында 40 адамнан астам – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%

10.

Мемлекеттік көліктік бақылау органдары Орындаушының Шарт бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидиялардың қайтарудың талаптарының 7-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарда қозғалыс қауіпсіздігіне Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қауіп төндірмейтін қағидаларын бұзу (бұдан әрі – бұзушылық) фактілерін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) жолаушылар поездарында 10-нан бастап бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) жолаушылар поездарында 20-дан бастап бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) жолаушылар поездарында 30-дан бастап бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) жолаушылар поездарында 40-тан бастап бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) жолаушылар поездарында 50-ден астам бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%

11.

Шарттың 4-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Тапсырыс берушімен жүргізілген зерттеп-қарау қорытындысы бойынша сәйкес келмеу фактісін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сәйкес келетін жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) жолаушылар поездарында 10-нан бастап бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) жолаушылар поездарында 20-дан бастап бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) жолаушылар поездарында 30-дан бастап бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) жолаушылар поездарында 40-тан бастап бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) жолаушылар поездарында 50-ден астам бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%

12.

Орындаушымен Шарттың 7-тармағының 2), 3), 5), 6), 8), 9),10) тармақшаларын орындамауы

Жойғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн үшін субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген жыл және тиісті әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,001%

13.

Мониторинг қорытындысы бойынша Тапсырыс берушімен анықталған сәйкессіздік фактісін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сәйкес келетін жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) жолаушылар поездарында 20-ға дейін бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) жолаушылар поездарында 20-дан бастап бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) жолаушылар поездарында 30-дан бастап бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) жолаушылар поездарында 40-тан бастап бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) жолаушылар поездарында 50-ден астам бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%

14.

Орындаушының Шарттың 7-тармағының 4) тармақшасын орындамауы

Орындаушының кінәсі бойынша жыл қорытындысы бойынша екінші сағаттың бірінші минутынан бастап поездардың әрбір 1 сағат сайын кешігуіне субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,001%

      Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы 20___жылғы "__" _______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

"Тапсырыс беруші"

"Орындаушы"

______________________________
(толық атауы) ______________________________
(мекенжайы) ______________________________
(деректемелері) ______________________________
(лауазымы) ______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________
(қолы)
______________________________
(мөрдің орны(бар болған жағдайда)

______________________________
(толық атауы) ______________________________
(мекенжайы) ______________________________
(деректемелері) ______________________________
(лауазымы) ______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________
(қолы)
______________________________
(мөрдің орны(бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 681 бұйрығына
2-қосымша
  20 _____ жылғы ___ __________
№______
Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
шартына
9-қосымша
  нұсқа

      _____________________________ жататын ___________________________________

      қатынасындағы № ___ жолаушылар поезын 20__ жылғы ____ __________________

      № _____ шарт сәйкестігіне зерттеп қарау актісі

      (20___ жылғы/_____/_______________)

      Станциялар тізбесінің сәйкестігі:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда

      орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне сәйкестігі:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Негізгі дамыту шарттарының іс-шараларын орындау:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына (электро-, дизель поездарына) негізгі талаптарды орындау:


р/б

Вагонның №

Вагонның түрі

Құрастыру жылы

Ауа желдеткіш жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық құрылысымен көзделмеген, иә – зауыттық құрылысымен көзделген

Мүгедектерге арналған кресло-арбалармен қозғалатын адамдар үшін мамандандырылған орындардың және мінгізу мен түсіру үшін көтеретін құрылғылардың болуы, иә/жоқ

Поездың құрамында нақты жүруі, иә/жоқ

1

2

3

4

5

6

7

Шартқа сәйкес, иә/жоқ

Нақты сәйкестік, иә/жоқ

Шартқа сәйкес, иә/жоқ

Нақты сәйкестік иә/жоқ














































Вагондарды пайдалану мерзімінің орташа жиынтығы, жылмен:


      Қосымша:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      Осы тексеріс актісімен келісеміз және таныстық:

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.