Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
30.11.2018
Өзгерту күні
29.11.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғаларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бонитерге (сыныптаушыға) арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техник-ұрықтандырушыларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12729 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 389 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14406 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі ______________ Ө. Шөкеев
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономикаминистрі ______________ Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитет

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парағының нысанына сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерді іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар, бонитерлер (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар, эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар және жергілікті атқарушы органдар;

      2) болмашы бұзушылық – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды құжаттаманы және есептілікті тапсырмау не оларды есепке алуды уақтылы жүргізбеу бөлігінде бұзу, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылыққа жатпайтын бұзушылық;

      3) елеулі бұзушылық – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, үй-жайдың, оның ішінде зертханалық, өндірістік және карантиндік үй-жайдың, зертхананың, ветеринариялық-санитариялық өткізетін орынның, оқшаулағыштың, ақаусыз зертханалық және криогендік жабдықтың, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ветеринариялық паспорттарының болуы, тиісті мамандықтары бойынша мамандар штаты, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында жануарларды тіркеу, асыл тұқымды жануарлар басының саны, тұқымдық және сыныптық құрамы туралы деректерді асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу жөніндегі талаптарды бұзу, шағымдар мен арыздардың болуы;

      4) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарды жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) асыл тұқымдық куәлік бермей өткізуі, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің республикалық палатада тіркелмеген асыл тұқымды жануарлардан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы бөлігінде бұзу;

      5) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің (объектінің) тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне олардың салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған) бойынша бөлу мақсатында әзірленген.

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежелерін бағалау және оларды тәуекелдің жоғары тобына жатқызу бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.

      6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар және жергілікті атқарушы органдар жатады.

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағандарға бонитерлер (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар, эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар жатады.

      8. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарында санамаланған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары негізінде әзірленген, олар өрескел, елеулі, болмашы болып үш дәрежеге бөлінген және осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.

      1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны.

      11. Осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары айқындалады, оларға тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.

      12. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      13. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекел дәрежелерін бағалау үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын өлшемшарттар өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған өлшемшарттардың үлес салмағы айқындалады.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың бұзушылықтары бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      14. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      15. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРб = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; 

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      16. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРе + SРб,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      17. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға жатады.

      18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптасатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Асыл тұқымды мал
  шаруашылығы және балара
  шаруашылығы саласындағы
  тәуекел дәрежесін бағалау
  өлшемшарттарына
  қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1.Алдыңғы тексерулердің бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

Асыл тұқымдық орталықтар

1

Тұқымдық ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға арналған қора-жайдың болуы

елеулі

2

Тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы

елеулі

3

Ветеринариялық-санитариялық өткізу орынның болуы

елеулі

4

Карантиндік үй-жайдың болуы

елеулі

5

Оқшаулағыштың болуы

елеулі

6

Ақаусыз зертханалық жабдықтың болуы

елеулі

7

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы

елеулі

8

Жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың барын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы

өрескел

9

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы

елеулі

10

Асыл тұқымды жануарларды бағалаудың жиынтық ведомосінің болуы

өрескел

11

Тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізуді есепке алуды жүргізу журналының болуы

өрескел

12

Тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі сынау куәлігінің болуы

өрескел

13

Деректерді есепке алуды жүргізу және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну

болмашы

14

Штатта тиісті мамандықтар (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, биотехнология) бойынша мамандардың болуы

елеулі

Дистрибьютерлік орталықтар

15

Стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайлардың болуы

елеулі

16

Ақаусыз зертханалық жабдықтың болуы

елеулі

17

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы

елеулі

18

Деректерді есепке алуды жүргізу және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну

болмашы

19

Штатта тиісті мамандықтар (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, биотехнология) бойынша мамандардың болуы

елеулі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар

20

Жануарлардың жеке нөмірлерінің болуы

өрескел

21

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында жануарларды тіркеудің болуы

елеулі

22

Асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігінің және ресімделген жеке карточкаларының болуы

өрескел

23

Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды жануарларды бонитерлеудің жиынтық ведомосінің болуы

өрескел

24

Асыл тұқымды жануарлар басының саны, тұқымдық және сыныптық құрамы туралы деректерді асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу

елеулі

Жергілікті атқарушы органдар

25

Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу

елеулі

26

Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу

болмашы

27

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер ұсынатын есептіліктің болуы

болмашы

2.Бақылау субъектілері ұсынатын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері:

28

Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімінде дұрыс емес мәліметтердің болуы

өрескел

29

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында дұрыс емес мәліметтердің болуы

өрескел

3. "Бақылау субъектілеріне расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар мыналар болып табылады:

30

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы бақылау субъектілеріне расталған шағымдар мен арыздардың болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________

      қатысты (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акті______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тұқымдық ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға арналған қора-жайдың болуы





2

Тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы





3

Ветеринариялық-санитариялық өткізу орынның болуы





4

Карантиндік үй-жайдың болуы





5

Оқшаулағыштың болуы





6

Ақаусыз зертханалық жабдықтың болуы





7

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы





8

Жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың барын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы





9

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы





10

Асыл тұқымды жануарларды бонитирлеудің жиынтық ведомосінің болуы





11

Тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізуді есепке алуды жүргізу журналының болуы





12

Тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі сынау куәлігінің болуы





13

Деректерді есепке алуды жүргізу және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





14

Штатта тиісті мамандықтар (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, биотехнология) бойынша мамандардың болуы





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      _____________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайлардың болуы





2

Ақаусыз зертханалық жабдықтың болуы





3

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы





4

Деректерді есепке алуды жүргізу және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





5

Штатта тиісті мамандықтар (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, биотехнология) бойынша мамандардың болуы





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  4-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғаларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жануарлардың жеке нөмірлерінің болуы





2

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында жануарларды тіркелудің болуы





3

Асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігінің және ресімделген жеке карточкаларының болуы





4

Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды жануарларды бонитерлеудің жиынтық ведомосінің болуы





5

Асыл тұқымды жануарлар басының саны, тұқымдық және сыныптық құрамы туралы деректерді асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  5-қосымша

Жергілікті атқарушы органдарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу





2

Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу





3

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер ұсынатын есептіліктің болуы





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  6-қосымша

Бонитерлерге (сыныптаушыларға) арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы





2

Ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрі бойынша бонитерлер курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы





3

Деректерді есепке алуды жүргізу және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  7-қосымша

Техник-ұрықтандырушыларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" немесе "ветеринария" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы





2

Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы





3

Зертханалық үй-жайдың болуы





4

Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы





5

Құрал-саймандардың болуы





6

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы





7

Деректерді есепке алудың болуы және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 481және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 29 қарашадағы
  № 89 бірлескен бұйрығына
  8-қосымша

Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті______________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология", немесе "ветеринария" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы





2

Ауыл шаруашылығы жануарларының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы





3

Зертханалық үй-жайдың болуы





4

Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы





5

Құрал-саймандардың болуы





6

Ақаусыз криогендік жабдықтың болуы





7

Деректерді есепке алудың болуы және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





      Лауазымды адам (дар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _______________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса) тегі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.